Қазақстандықтар жыл басынан бері «БейнеХҚКО» сервисін 25 мыңнан астам рет қолданды

0
66

«БейнеХҚКО» сервисі мемлекеттік қызметтерге қашықтан жүгінуге мүмкіндік беретін  сұранысқаие цифрлық арналардың бірі. Тек 2025 жылдың басынан бері сервис  25 676 рет қолданылды.

Сервис шалғай елді мекендерде немесе елден тыс жерлерде тұратын азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жұмысқа немесе отбасылық жағдайларға байланысты ХҚКО-ға бара алмайтын азаматтарға арналған.

БейнеХҚКО арқылы сұранысқа ие қызметтер: бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, көп балалы отбасыларға және мүгедек адамдарға жәрдемақы тағайындау, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама алу, сондай-ақ мүгедек адамдарға әлеуметтік қызметтер мен түрлі көмек түрлерін рәсімдеу.

«БейнеХҚКО» сервисін пайдалану қиын емес. Ең алдымен «ЦОН» мобильді қосымшасын (Google Playжәне App Store арқылы) орнатып, тіркелу қажет. Әріқарай, қосымшада бейнебайланыс бөлімін таңдап, операторға қосылу керек. Сервис арқылы ХҚКО қызметкері кеңес береді, құжаттарды рәсімдеуге және өтініш беруге көмектеседі және қажет болса оператормен тілдесу терезесі арқылы жүктелгенқұжаттарды қабылдайды. Егер қызмет ақылы болса,төлем екінші деңгейлі банктың мобильді қосымшасыарқылы онлайн жүргізіледі. Қызметтің нәтижесінбейнеқоңырау барысында немесе кез келген халыққақызмет көрсету орталығында алуға болады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу