ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЛЫҢ ЕЛ ДАҢҚТЫ АҚЫН, ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ МҰХТАР ШАХАНОВТЫ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

0
51
Түркістан облысы Отырар ауданында қалың ел түркі әлеміне танымал ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды. Қайраткер ақынмен қоштасуға елдің әр аймағынан зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ақын шығармашылығын қадір тұтқан оқырмандар жиналып, оның рухына тағзым етті. Ақынға өз аманаты бойынша туған жердің топырағы бұйырып, жаназасы оқылды.
▪️Қаралы жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ақынның қазақ руханиятындағы орны ерекше екенін атап өтті.
📌– Қазақ руханияты ауыр қазаға ұшырады. Ұлттың ұлы тұлғасы, көрнекті ақын әрі қайраткер Мұхтар Шаханов мәңгілік мекеніне аттанды. Бұл – орны толмас қайғы. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, барша Қазақ еліне облыс жұртшылығы атынан көңіл айтамын. Мұхтар Шаханов – ұлт мүддесін бәрінен биік қойған қайсар тұлға. Саналы ғұмырын ел руханиятына, тіл мен дәстүрді ұлықтауға арнады. Қазақ поэзиясын биік деңгейге көтерді. Оның жырлары мен әндері, драмалық туындылары халық жүрегінен орын алды. Туған жерге, махаббат пен адалдыққа үндеген еңбектері мәңгілік құндылыққа айналды. Ол тек әдебиетте емес, қоғам өмірінде де батыл үн қатты. Ол түркі дүниесіне ортақ рухани көшбасшыға айналды. Ақынның еңбегі бағаланып, оған ең жоғары мемлекеттік және халықаралық марапаттар берілді. «Қазақстанның Еңбек Ері», «Қазақстанның Халық жазушысы» және «Қырғыз Республикасының халық ақыны» атақтары мен халықаралық деңгейдегі марапаттарға ие болды. Өзінің туып өскен ауылындағы мектепке оның есімі берілді. Қасиетті Түркістан топырағынан түлеп ұшқан осындай дара тұлғалардың қалдырған ізі – келер ұрпаққа әрдайым үлгі. Бүгін ақынның соңғы аманаты орындалып, Отырар топырағында мәңгілік тыныс тапты. Туған топырағы, қазақ даласы Мұхтар ағамызды ешқашан ұмытпайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Сонымен бірге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатттары мен зиялы қауым өкілдері өр тұлға туралы жылы естеліктерін айтып, халықтың қайғысына ортақтасты.
Одан кейін Отырар ауданында көпшілікке ас беріліп, Құран бағышталып, ақын рухына дұға жасалды. Жиын барысында сөз алған ел ағалары, зиялы қауым, өңірлерден келген делегация өкілдері Мұхтар Шахановтың ел үшін сіңірген еңбегін, оның азаматтық ұстанымы мен шығармашылық биігін ерекше құрметпен атап өтті.
▪️Мұхтар Шаханов – поэзиясы арқылы халықтың ар-ожданын, ұлттық намысын биіктеткен ірі тұлға. Ол тек әдебиетте ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді болып, Желтоқсан оқиғасы, тіл тағдыры, ұлттық сана мәселелерін батыл көтеріп, ұлтына адал қызмет етті. КСРО халық депутаты, ҚР Парламернті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін абыроймен атқарып, өзекті әмселлелерді шешуге үлес қосты. «Жалын» журналын басқарды.
▪️Көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы Ақынның шығармашылық мұрасы қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алады. Оның «Бақыт», «Ай туып келеді», «Қырандар төбеге қонбайды», «Сенім патшалығы», «Өркениеттің адасуы» сынды кітаптары оқырманға кеңінен танымал. Бұл еңбектерінде адамгершілік, махаббат, руханият, өркениет тағдыры секілді терең тақырыптар қозғалып, туындылары әлемнің көптеген тіліне аударылды.
▪️Ақынның артында қалған мол мұрасы мен рухани өсиеті келер ұрпаққа қызмет ете беретіні сөзсіз.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу