Ұлттық жоба аясында Қазақстанда электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға төмендеді

2025 жылы 17 мың км электр беру желілеріне және 420 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл желілердің тозу деңгейін 66%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға, яғни 3140 технологиялық бұзушылыққа азайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Биыл да 17 мың км электр желілерін жөндеу қамтылған, оның ішінде: Ақмола облысы — 2,5 мың км Астана — 153 км Ақтөбе облысы — 467 км Алматы облысы — 351 км Алматы — 264 км Атырау облысы — 430 км ШҚО — 756 км Жамбыл облысы — 1,8 мың км БҚО — 366 км Қарағанды облысы — 1,1 мың км Қостанай облысы — 731 км Қызылорда облысы — 115 км Маңғыстау облысы — 560 км Павлодар облысы — 2,4 мың км СҚО — 1,1 мың км Түркістан облысы — 677 км Шымкент — 67 км Абай облысы — 769 км Жетісу облысы — 422 км Ұлытау облысы — 1,8 мың км Сонымен қатар 444 қосалқы станцияны, сондай-ақ 3,4 мың тарату пунктін және трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген. Жоспарланған шараларды іске асыру электр желілерінің орташа тозу деңгейін қосымша 65%-ға дейін төмендетуге, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.






