Түркістан: Зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыруға бағытталған кездесулер мен тұрғындарға құқықтық сауаттылық түсіндірілуде

0
75

Түркістан өңірінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы шаралар қарқынды жалғасуда. Арнайы ұйымдастырылған іс-шара аясында студенттер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, оның зардаптары және зардап шеккен жандарға көмек көрсету алгоритмі жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында қатысушыларға сауалнама жүргізіліп, қоғамдағы осы мәселеге қатысты пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері сараланып, алдағы міндеттер пысықталды.

Полицейлер мемлекеттік мекемелерде де түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұжымдарды зорлық-зомбылыққа қарсы бірігіп әрекет етуге шақырды.

Түркістан облысында  «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында  ауқымды іс-шара басталған болатын. Осы орайда 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында  «Учаске» профилактикалық акция өтуде.  Шараның негізгі  мақсаты – әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, экстремизм мен терроризм көріністеріне жол бермеу, азаматтармен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату. Осы шара аясында  учаскелік полиция инспекторлары үйлерді аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрбір үй иесіне құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндіріп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары, заң талаптарын сақтау және құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың талап-тілектері тыңдап, өзекті мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстарын қабылдады. Мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып қана қоймай, полиция мен азаматтар арасындағы сенімді арттыруға ықпал етеді. «Учаске» акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Шара аясында тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылды.

Жалпы республикалық көлемінде өтіп жатқан «Бақытты отбасы – бақытты ел»  акциясына Түркістан облысының полиция қызметкерлері атсалысуда.

Осыған орай Ордабасы,  Мақтаарал, Жетісай, Отырар  аудандық полиция бөлімі «Отбасын қолдау орталығымен»  бірлесіп адам көп шоғырланатын жерлерде, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша аудан тұрғындарына ақпараттық брошюралар таратып, профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

Одан бөлек, өңірдегі колледж студенттеріне де отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары таныстырылуда.

Студенттерге  отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған жол бермеу жолдары түсіндіріліп, зардап шеккен жандарға көмек көрсету алгоритмі таныстырылып,  қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүргізу нәтижелері пысықталды. Бүгінгі таңда зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру шаралары өңірде жалғасуда. Осы акция аясында полицейлер мемлекеттік мекемеге қарасты қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, зорлық-зомбылыққа бірге қарсы тұруға шақырды.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу