Түркістан облысында құқықтық саясат жүйелі түрде жүзеге асырылуда

Түркістан облысында құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша бірқатар бейінді ведомстволар өзара ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Бұл – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң үстемдігін орнату және әділетті қоғам құрудың маңызды тетігі болып саналады. Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өңірде түрлі түсіндіру жұмыстар, семинарлар мен форумдар, құқықтық оқыту және біліктілікті арттыру курстары, ақпараттық жадынамалар тарату және әлеуметтік желілер арқылы құқықтық түсіндіру кеңінен жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік органдардың шешім қабылдау үдерісін ашық ету, қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу және құқықтық актілерді халыққа қолжетімді ету – қазіргі құқықтық реформаның басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар ел Президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан әкімшілік реформалар аясында жалғасын табуда. Түркістан облысында осы бағытта Заң мен тәртіп қағидаты және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатынжда жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі – Түркістан қаласы полиция басқармасында Полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Сапардың төрағалығымен тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық саясатты іске асыру бағытында жиын өтті.
Бұл жиынның басты мақсаты – басшылар мен жеке құрам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық пен заң бұзушылықтарына жол бермеу, қызметтік тәртіпті сақтап, жұртқа жақын полиция қағидатын қалыптастыру, мемлекеттік тілдің абыройы мен мәртебесін арттыру.
Аталған жиын барысында Қазақстан Республикасы /94 Заңының 13-1 тарауына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген туралы және өзге де ақпараттар жеке құрам арасында талқыланып, қызметкерлерге түсіндірілді.
Полиция полковнигі Б.Сапар ҚР ІІМ-нің негізгі талаптары мен тапсырмаларын полицейлер назарына жеткізді. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жоспарларды айқындап, Түркістан облысы ПД-нің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмаларын іске асыру бойынша нұсқау берілді.
Одан бөлек Төлеби ауданында да құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиналыс өтті. ҚР ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлімше бастығы Ш.Үсербаев, аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев, полиция бөлімінің бастығы Ғ.Қуашбаев, аудан прокуроры А.Садуақас, бас имам Ү.Сәуірбаев пен ауданға қарасты діни ұйымдардың өкілдері мен мешіт имамдары қатысқан мәжілісте бүгінгі күннің өзекті мәселелері талқыланды. Нақтырақ айтқанда, интернет-алаяқтықтың алдын алу, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, есірткі мен экстремизмге қарсы халық арасындағы түсіндірме жұмыстарын жандандыру және құқықтық саясаттың іске асырылу барысы мен құқықтық қамтамасыз ету бағыты пысықталды.
Полиция полковнигі Ғ.Қуашбаев өз сөзінде жұма күндері мешітке жиналатын азаматтарға осы аталған тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырса, ал аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев қоғамда тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда мешіт имамдарының үлесі зор екенін айтып, бүгінгі кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік органдар мен діни ұйымдардың өзара ықпалдастығын арттыру екенін назарға алуды сұрады.
Айта кетер болсақ, облыста қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция және жеке күзет ұйымдарының қатысуымен кең көлемді шаралар өткізілуде. Жергілікті полиция қызметі мен патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ жедел әрекет ету топтары жұма, сенбі, жексенбі күндері адам көп шоғырланатын орындарда кезекшілікке шығып, құқық бұзушылықтардың алдын алуда.
Облыс аумағында 20-дан астам жедел әрекет ету топтары бар жеке күзет ұйымдары жұмыс істеуде. Олар барлық қала және аудандарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысуда.
Жыл басынан бері полиция бөлімшелерімен және күзет қызметімен бірлескен рейдтер нәтижесінде 32 қылмыс ашылып, 75 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Полиция майоры Жасұлан Тұяқбаевтың айтуынша, мұндай шаралар халық тыныштығын сақтауға және заңға бағынатын қоғам қалыптастыруға бағытталған. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.