Түркістан облысында заңсыз жүк тасымалына тосқауыл қойылып жатыр

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен заңсыз жер қойнауын пайдалану мен жүк тасымалдауға қарсы күрес үшін арнайы жұмысшы топ құрылды. Топ Сайрам ауданы аумағында рейдтік іс-шара жүргізіп, ауыр жүк көліктерімен заңсыз тасымалдау және басқа құқықбұзушылықтарды анықтады.
Нәтижесінде 7 ауыр жүк көлігі Сайрам ауданының айыптұрағына қойылды.
Аталған заңбұзушылықтар бойынша облыстық көліктік бақылау инспекциясы мен құқық қорғау органдары тиісті шаралар қабылдайды. Рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Заңсыз жүк тасымалы мен жер қойнауын пайдалануға жол бермеу – өңірдің басым міндеттерінің бірі.