Түркістан: Отырар ауданында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік қарқынды дамуда

0
87

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен кәсіпкерлік саласында Отырар ауданы ерекше қарқынмен дамып келеді.

Ауданда жүзеге асып жатқан ірі жобалардың бірі – «Eliko Snacks» ЖШС-нің сублимациялық кептірілген жеміс өндіру жобасы. Бұл кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған. Жоба аясында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 100 кг өнім өңдеу көзделген.

Сонымен қатар Ақтөбе ауыл округінде орналасқан «Мұрат» шаруа қожалығында 5000 бас малға арналған бордақылау алаңының құрылысы басталды. 100 гектар аумақта жүзеге асырылып жатқан бұл жоба іске қосылғанда, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, ауданның ет өндірісі айтарлықтай ұлғаяды деп күтілуде.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы бірқатар нысандарды аралап, кәсіпорын иелерімен кездесті. Кездесу барысында ол жобалардың тиімділігіне тоқталып, аудан экономикасына қосар үлесінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ әкім кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтып, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіндегі бастамалардың аудан дамуына серпін беретінін жеткізді.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу