Түркістан облысында спорттық инфрақұрылым қарқынды дамуда

Елімізде соңғы жылдары спорт пен денсаулық сақтау салаларында үлкен өзгерістер мен жаңашылдықтарды бастан өткеруде. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бір бөлігі ретінде жастардың денсаулығын сақтау, оларды спортпен шұғылдануға ынталандыру және спорттық инфрақұрылымды дамыту ерекше маңызға ие. Мемлекет жастардың денсаулығын сақтау мен оларды спортқа тарту мәселесін ұлттық даму стратегиясының маңызды бөлігі ретінде қарастырып отыр. Бұл саладағы жаңашылдықтар мен тиімді саясат жастардың денсаулығын нығайтуға және елдің болашағын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда спорттық инфрақұрылым жаңарып, бұқаралық спортқа қолжетімділік артуда. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау қарқын алуда. Мемлекеттік деңгейде нақты қолдау тетіктері енгізілуде.
Жақында Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Спорт күніне орай футболдан әуесқой командалар арасында тұңғыш рет Түркістан облысының чемпионаты өтті.
Чемпионат екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең ауылдық округтер деңгейінде өткізіліп, оған облыстың барлық аудан-қалаларынан 186 командадан 3300-ге жуық футболшы қатысты. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үздіктер екінші айналымға жолдама алды. Мұнда 3 қала мен 14 ауданның құрамалары төрт аймаққа бөлініп, финалдық кезеңге берілетін жолдама үшін бақ сынады.
Чемпионаттың жабылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров спортшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға медальдар мен кубоктар табыстады.
– Бұл мереке – кәсіби спортшылар мен бапкерлерге ғана емес, барлық спорт жанкүйерлері мен салауатты өмір салтын ұстанатын әрбір адам үшін айтулы күн. Түркістан өңірі – әрқашан қазақ спортына серпін берген қасиетті аймақ. Біз жастарға қолдау көрсету арқылы ел болашағын нығайтамыз, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ ол халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған спортшыларды жеке марапаттап, өңір спортының жетістіктеріне тоқталды.
– Біздің өңірімізден Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков, Сәкен Бибосынов, Жазира Жаппарқұл сияқты есімдері әлемге танымал спортшылар шыққан. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмаханов, Октябрь Жарылқапов, Сабыр Рахимов, Хайыс Аққалиев секілді даңқты тұлғалар бүкіл халыққа спортпен шұғылдануға үлгі бола білді. Айтулы тұлғалардың ізін жалғаған спортшыларымыз өсіп келеді. Ұлттық спорт түрлерінен де облысымыздың спортшылары Көшпенділер ойындарында 31 медаль иеленіп, республика бойынша көш бастады. Жыл басынан бері спортшыларымыз Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттарында жалпы 1 122 медальды жеңіп алды. Ұлттық құрама сапына облыстан 766 спортшы енді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 150 спортшыға артып отыр, – деді Нұралхан Көшеров.
Бүгінде облыста 92 148 адам спортпен жүйелі түрде айналысады, оларға 2 440 жаттықтырушы қызмет көрсетуде.
Жалпы финалға Мақтаарал, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласының командалары шықты. 19-21 тамыз күндері өткен шешуші ойындардың қорытындысы бойынша 1-орынды Мақтаарал ауданының командасы жеңіп алса, 2-орын Түркістан қаласының футболшыларына бұйырды. Ал Ордабасы ауданының құрамасы 3-орынға тұрақтады.
Жеңімпаз атанған Мақтаарал командасы Қазақстан Республикасының кубогына жолдама алып, облыс намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.
Спорттық инфрақұрылым да қарқынды дамуда. Cалауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортпен шұғылдануға жағдай жасау мақсатында «Түркістан-Арена» стадионы, Халықаралық Теннис орталығы, Бекзат Саттарханов спорт кешені қолданысқа берілді. Сонымен қатар, Республикада теңдесі жоқ, жылдың 12 айында тоқтамай жұмыс істейтін Мұз сарайы салынды.
Түркістанда «Түркістан Арена», халықаралық теннис орталығы,«Мұз сарайы» және Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға берілген. Өңірде тағы 54 жаңа спорт нысанын салу жоспарланып отыр, оның ішінде халықаралық ескек есу арнасы мен атшабар да бар.
Бұл чемпионат – тек жарыс емес, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жаңа есімдердің ашылуына мүмкіндік берген маңызды оқиға болды. Облыс басшылығы алдағы уақытта да осындай жарыстарды тұрақты өткізіп тұруды жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда облыстағы 101 спорт мекемесінде 92 148 спортшы спортпен жүйелі түрде шұғылдануда. Оларға 2 440 жаттықтырушы қызмет көрсетіп келеді. Ол оңтүстік өңірдің тұрғындары мен қонақтарына және еліміздің барлық облыстардан келген спортшыларына қысқы спорт түрлерімен үздіксіз шұғылдануға мүмкіндік беріп келеді.
Биыл тағы да 54 спорт нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Олардың қатарында 25 спорт кешені, 11 спорт зал, 15 спорт алаңы, 1 футбол манежі, 1 ату алаңы бар. Аталған спорт нысандарының қатарында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Ескек есу каналы және Атшабар іске қосылады. Бұл өз кезегінде су және ат спорт түрлері мен ұлттық спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді деген сенімдеміз.