Түркістан: Рейд кезінде 164 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді

0
20

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс полициясы патрульдік қызметкерлерімен құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік тәртібін жақсарту мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Төлеби ауданында өткізілген  іс-шара барысында полиция қызметкерлері жолдағы апаттылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Тұрғындарға жол қозғалысы ережелері мен киберқылмыстың алдын алуға арналған ескертпе бейнероликтерін көруге болатын QR-кодтары бар 300-ге жуық жадынама таратылды.

Рейд кезінде 164 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарған бір жүргізуші анықталды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері дрондардың көмегімен қарсы жолаққа шығудың 4 фактісін тоқтатып, жүргізушілеріне қатысты әкімшілік шара қабылдады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың ішінде, атап айтсақ, жолаушыларды тасымалдаудың 29 жайты, жол белгілерінде белгіленген талаптарды сақтамаудың 20 жайты, автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланудың 17 фактісі және маневр жасау ережелерін бұзудың 16 дерегі, техникалық байқаудан өтпеудің 10 жайты және жаяу жүргіншілер тарапынан 28 ереже бұзу дерегін анықтады. Айыптұраққа 20-дан астам көлік қойылды.

Бұдан өзге өңірде полицейлер құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жедел-профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.  Мәселен, Шардара ауданында  полицейлер 68 құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде: көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу – 16, жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамау – 12, техникалық байқаудан өтпеу – 5, маневр жасау ережелерін бұзу – 4 факт. Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 1 жүргізуші мен белгіленбеген орындардан өткен 8 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.  Осы тұста тәртіп сақшылары жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру және жолдардағы апаттылықты азайту мақсатында, жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Яғни жол қауіпсіздігінің, сондай-ақ нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу бойынша бейнероликтерді қамтитын QR-кодтары бар 150-ден астам жадынама таратылды. Тәртіп сақшылары  жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзбауға, қарсы жолаққа шықпауға және жолдарда қырағы болуға шақырды.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу