Түркістанда спорт кешені мен Мәдениет үйі пайдалануға берілді

Түркістан облысында түрлі нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымы қалыптасқан әлеуметтік-экономикасы дамыған өңірге айналды. Облыста әлеуметтік-экономикалық даму қарқынды жүруде. Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Өңір тұрғындарының назарына Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай облыста құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілген нысандар жайында тоқталсақ. Түркістан облысының орталығында Әбдісалан Нұрмаханов атындағы спорт кешені ел игілігіне берілді. Заману талапқа сай салынған ғимараттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, спортшылар және спорт ардагерлері қатысты. Аймақ басшысы көпшілікті ғимараттың ашылуымен құттықтады. Бұл спорт кешені – мемлекет тарапынан жастарға жасалып отырған қамқорлықтың бір көрінісі.
– Алдымен баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Бүгін М.Төлебаев көшесінде орналасқан жаңа «Ә.Нұрмаханов атындағы спорт кешені» ел игілігіне берілуде. Бұл нысан – жастарымыздың денсаулығын нығайтып, спортқа деген қызығушылығын арттыруға, кәсіби спортшыларымыздың дайындық сапасын көтеруге бағытталған маңызды жоба, – деді облыс әкімі.
Қасиетті Түркістан өңірі әрқашан спорт саңлақтарын тәрбиелеп келе жатқан киелі мекен. Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов бастаған қаншама жас спортшыларымыздың жеңісі – ел мақтанышы. Енді осы жаңа кешеннен де талай чемпиондар шығып, өңіріміздің атын дүние жүзіне танытатын болады.
Өз кезегінде чемпионның жары Күлпәш Шаймерденова игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыс білдіріп, чемпиондар көп шығуын тіледі.
Аталған нысан барлық заманауи талаптарға сай салынған. Және де тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына, кәсіби спортшылардың дайындық өткізуіне толық мүмкіндік береді. Спорт кешенінің жалпы аумағы 4000 шаршы метрді құрайды. Бұл нысан Түркістан қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» тапсырысымен, «Vek-stroy» ЖШС мердігерлігімен салынды.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласында бұдан өзге спорттың күрес, бокс түрлеріне арналған 4 кешен – Мақатаев көшесінде, Бекзат мөлтек ауданында, Теріскей көшесінде және Баянауыл аумағында бой көтеріп жатыр.
Жалпы Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері шаһарда «Түркістан-Арена» стадионы, «Olympic Center» спорт кешені, «Теннис орталығы», «Мұз сарайы» ғимараттары пайдалануға беріліп, спортшыларымыз тыңғылықты жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда ескек есу каналы мен халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс спортшылары Әлем, Азия және Қазақстан Республика чемпионаттарында жалпы 1 122 медальды жеңіп алды. Ұлттық құрама сапына облыстан 766 спортшы енді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 150 спортшыға артып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша екенін атап өтті. Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Биыл өңірде әрбір ауылда, әрбір елді мекенде спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасау мақсатында 58 нысанныңқұрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда облыс аумағында 100 мемлекеттік және 179 жекеменшік спорттық ұйым тұрақты түрде қызмет көрсетіп келеді. Аталған спорт мекемелерінде 89 700 спортшы спорттың 63 түрімен шұғылданады.
Конституция күніне орай, спорт кешенінен бөлек, 500 орындық көрермен залы бар, заманауи талаптарға сай салынған көпфункционалды мәдениет үйі ашылды. Мәдениет үйінің ашылуына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен тұрғындар қатысты.
Нұралхан Оралбайұлы түркістандықтарды Конституция күнімен және жаңа мәдени нысанның ашылуымен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.
Түркістан – қазақ руханиятының алтын бесігі, тарих пен мәдениеттің мәңгілік ордасы. Осында жаңа Мәдениет үйінің бой көтеруі – халықтың рухани өмірін жаңғыртып, талантты жастарымыздың қанатын кеңге жаюына, мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосады. Бұл игі іс – Мемлекет басшысының Түркістанды түлету жолындағы стратегиялық бастамаларының лайықты жалғасы.
Ғимаратқа тапсырыс беруші –Түркістан қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі». Мердігер мекеме – «Өмірзақ» ЖШС. 1,13 гектар аумақты алып жатқан ғимартта халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі байқаулар мен фестивальдер өткізіледі.
Мәдениет ошағында көркем-сурет галереясы, музей залдары, мәдениет ардагерлеріне арналған бөлме, хореография және фитнес залы, фотостудия бар. Сонымен қатар, заманауи жабдықталған әдістемелік бөлмелер, мұрағат, халық театрлары, фольклорлық ансамбльдер мен көркемөнерпаздардың дайындық бөлмелері қарастырылған.
Бұл нысан өңірдің мәдени әлеуетін арттырып, тұрғындар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге қызмет ететін болады.
Биыл мәдениет саласында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Түркістан музыкалық драма театры жанынан «Түркістан» ансамблі құрылып, толығымен жасақталды.
Осы жылдың мамыр айында «Voice of Turan» Халықаралық қазақ әндерінорындаушылар байқауы ұйымдастырылып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Алтыншы рет өткізіліп отырған бұл өнер додасы – қазақ әндерін әлемдік аренада танытатынбірегей жобаға айналды.
Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай Алматыдағы Республика сарайында облыстық филармония ұжымы «Ән аға – жан аға»концертін өткізді. Республикадағы филармониялар арасында еліміздің бас сахнасында жеке кештерін өткізген жалғыз өнер ұжымы екенін мақтанышпен айта аламыз.
Түркістан – қазақ руханиятының алтын бесігі, тарих пен мәдениеттің мәңгілік ордасы. Облыс орталығында жаңа Мәдениет ошағының бой көтеруі – халықтың рухани өмірін жаңғыртып, талантты жастарымыздың қанатын кеңге жаюына, мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосады. Бұл игі іс – Мемлекет басшысының Түркістанды түлету жолындағы стратегиялық бастамаларының лайықты жалғасы.
Жаңа Мәдениет үйі – өнер мен өркениеттің тоғысқан құтты мекеніне айналып, ел игілігіне қызмет етеді.
Жоғарыда пайдалануға берілген нысандар экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге нақты ықпал етеді.