Түркістан: Құқықтық мәдениет – әділетті қоғам негізі

0
20

Бүгінде еліміздің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру. «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасының басты ұстанымдарының бірі — заңның үстемдігі және барлық азаматтардың заң алдында тең болуы. Алайда бұл қағидат қоғамда әлі де толық қалыптаспаған.Мәселен, кейбір танымал тұлғалар қоғамдық тәртіпті бұзып, заң алдында жауап бергенде, оларды сынға алудың орнына қолдау білдіретін азаматтардың көптігі — құқықтық сананың әлсіздігін көрсетеді. Заң кімге де болса ортақ: әнші де, актер де, шенеунік те, қарапайым азамат та – барлығы бірдей жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Сондықтан әділетті қоғам құрудың жолы — әрбір азаматтың заңды білуі ғана емес, оны құрметтеп, күнделікті өмірінде қолдануында. Бұл бағытта мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеп, құқықтық сауаттылықты арттыруға күш салуы қажет.

Осыған байланысты  Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай «Адам саудасына қарсы бірігейік!» атты республикалық акция өткізді.

Шараға облыстық жастар орталығы, «Сана сезім» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және еріктілер атсалысты. Акция барысында полицейлер адамдар көп жиналатын орындар мен орталық көшелерде ақпараттық жадынамалар таратып, сенім телефондары көрсетілген жадынамалар арқылы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – адам саудасының алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және бұл қылмыс түріне бейжай қарамауға шақыру болды.

Акция аясында полицейлер адамдар көп шоғырланатын жерлер мен ауқымды маңызы бар көшелерде сенім телефондары жазылған ақпараттық жадынамалар таратты. Сондай-ақ адам саудасына байланысты тәуекелдер туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған құқықтық сипаттағы кеңес беру жұмысын жүргізді.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Әрбір азамат адам саудасына қарсы күреске өз үлесін қоса алады, егер адам саудасына қатысты күдік болса, дереу ішкі істер органдарына хабарласыңыз.  ҰҚҚКБ бастығы полиция полковнигі Ғ.Тұрысбеков өз сөзінде:  «Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарға әсер ететін мәселені еске салады. Күш біріктіру арқылы біз қауіпсіз әлем құра аламыз. Бұл күресте әркім маңызды рөл атқара алады! – деп атап өтті.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу