Заң мен тәртіп: Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде

0
35

Өңірде құқықтың саясаттың іске асыру барысында  «Заң мен Тәртіп»  қағидаты аясында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық шаралар жүргізуде. Осы мақсатта облыстық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары теміржол саласында еңбек ететін қызметкерлермен кездесті.

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету және интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында Түркістан облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» филиалы – ЖТ Шымкент бөлімшесі мен Арыс локомотив пайдалану депосының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Шараға 50-ден астам адам қатысты.  Полицейлер қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналған интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы айтып түсіндіріп, киберқылмыстардан қорғау тәсілдері туралы және цифрлық қауіпсіздікті сақтау бойынша ұсыныстары бар жадынамалар таратты.

Сондай-ақ полицейлер қатысушыларға қарапайым сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салып, жеке деректерді, парольдерді және SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелер бойынша басып, белгісіз қосымшаларды жүктемеу, сондай-ақ банктік шоттар мен карталарды үшінші тұлғаларға жария етпеу қажеттігін ескертті.

Мамандардың айтуынша, интернет-алаяқтықтың алдын алуға және халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта жалғасатын болады. Олар  алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарды қырағы болуға шақырды.

«Шымкент – Алматы – Термез» бағыты бойынша өтетін халықаралық автожолда Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында кезекті профилактикалық іс-шара өткізді. Шара барысында тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратып, су ұсынды. Сонымен қатар, ұзақ жолда келе жатқан жүргізушілерге көлікті тоқтатып, демалып алуға кеңес берілді.

Профилактикалық іс-шара аясында жүк және жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік иелеріне ерекше көңіл бөлініп, олардың жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздігіне баса назар аударылды. Жүргізушілер полиция қызметкерлерінің ізгі әрекетіне алғыстарын білдіріп, бұл шараның жол-көлік оқиғаларының алдын алуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Одан бөлек тәртіп сақшылары жазғы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі атқаруда. Соның бірі – Түркістан облысы полиция департаменті Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Таза Қазақстан” акциясы аясында демалыс аймақтарында профилактикалық жұмыстарды күшейтті.
Мәселен,  тәртіп сақшылары су айдындары мен жазғы демалыс орындарының санитарлық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Сонымен қатар балалардың жазғы лагерлеріндегі қауіпсіздік те бақылады.
Сонымен қоса, полицейлер экологиялық тәртіпті сақтау бойынша тұрғындармен және демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, экологиялық талаптарды бұзған бірқатар азаматтарға ескерту жасалып, ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу