Түркістан: Кентау қаласының экономикалық-әлеуметтік жағдайы қарқынды дамуда

0
52

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Кентау қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Кентаудағы құрылыс алаңдары мен индустриалды аймақтарды аралады. Одан кейін қала әкімдігінің ғимаратында актив отырысын өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер кеңінен сараланды. Өңір басшысы бірқатар саладағы кемшіліктерге тоқталып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Облыс әкімі өз сөзінде қаладағы индустриалды аймақтың әлеуеті жоғары болғанымен, қазіргі таңда инвестор тарту жұмыстары баяу жүріп жатқанына тоқталды. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

– Жол картасы аясында биылға жоспарланған 10 жобаның 3-еуі ғана іске асырылып отыр. Реттеңіздер. Салалық басқармамен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселесін қайта пысықтап, тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырамын. Халықты табиғи газбен қамту бойынша да жұмысты жандандыру керек. Шұғыл арада газ нысандарының құжаттарын заңдастырып, тиісті мекеме теңгеріміне өткізіңіздер. Біз Кентауды дамытуда бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Бұл ретте әкімдікпен бірге депутаттардың да белсенділігі маңызды. Инвестициялық жобаларды қолдауға белсенді араласып, өз округтеріңіз бойынша әлеуетті жобалар мен мүмкіндіктерді зерделеп, нақты ұсыныстар беріңіздер, – деді облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы.

Жиналыста  Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Басқарма басшылары өз салалары бойынша кездескен кемшіліктерге тоқталып, шешу жолдарын пысықтады.

Кентау қаласының халық саны 100 мыңға жуық адамды құрайды.  оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық – 40 мыңнан астам.

Жыл басынан бері Кентауда жалпы өнім көлемі 41,2 млрд. теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 113,5% өсім деңгейінде болды. 2025 жылдың 6 айдың қорытындысымен қалалық бюджет 9,4 млрд. теңгені құрады. Жеке табыстар жоспары 2,1 млрд. теңге болса, орындалуы – 2,4 млрд теңге немесе 111,6%. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің жоспары 11,4 млрд.теңге болса, нақты орындалуы 12,3 млрд. теңгені құрап, өсімге қол жетті.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 3,2 млрд. теңгеге өскен.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі  2025 жылдың 6 айына жоспары 11,4 млрд.теңге болса, нақты орындалуы 12,3 млрд. теңгені құрады немесе 107,2%. Оның ішінде бюджет есебінен – 5,4 млрд теңге, меншік қаражаты есебінен – 6,9 млрд теңге (2024 жылы 6 айында 11,3 млрд. теңге).

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы бойынша биылғы  жылдың 6 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 млрд.теңгеге өскен.   Нақты көлем индексінің жоспары – 104,3% болса, нақты орындалуы – 105,5% құрап отыр.

Өндірілген өнім көлемі бойынша Кентау қаласы  облыста 4-ші орын иеленіп отыр.

2025 жылы жалпы құны 10,3 млрд. теңгені құрайтын 16 жобаларды іске асырылу жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орындары 492 адамды құрайды.  Атап айтқанда:

  • Өнеркәсіп саласында: 4 жоба, жалпы құны 6,8 млрд. тг, жұмыс орны 310 адам. 2 жоба арнайы экономикалық аймақта, 2 жоба индустриалды аймақта орналастырылды.

1.«KentauRedStar»ЖШС Кірпіш шығару жобасы, жоба құны 1,5 млрд теңге, жұмыс орны 80 адам. Мамыр айында іске қосылды.

2.«TURAN SHENHUA» ЖШС Газ қазандықтарын және тұрмыстық техникалаларды өндіру жобасы, жоба құны 2,4 млрд теңге, жұмыс орны 120 адам. Іске асыру мерзімі – 2025 жылдың қараша айында жоспарлануда.

  1. «АйдарСтройГрупп» ЖШС өнеркәсіпке арналған металл құрылымдарын, металл бұйымдарын өндіру, жоба құны 2,5 млрд теңге. Жұмыс орны 50 адам. Іске асыру мерзімі – 2025 жылдың қараша айында жоспарлануда.
  2. «Сапар Құрылыс-С»ЖК металл өндірісі цехі, жоба құны 400,0 млн теңге, жұмыс орны 60 адам.Іске асыру мерзімі – 2025 жылдың қазан айында жоспарлануда.
  • Шағын және орта бизнес саласында: 8 жоба, жалпы құны 1,7 млрд. тг, жұмыс орны 140 адам.

Ауыл шаруашылығы саласында: 4 жоба, жалпы құны  1,9 млрд. тг, жұмыс орны 42 адам.   Оның ішінде ірі жоба «KazRealMeat» ШҚ – мал бордақылау алаңы (құрама жем өндіретін цех және мал сою цехы), жоба құны 1,2 млрд. теңге. Жұмыс орны 25 адам. Іске асыру мерзімі – 2025 жылдың қазан айында жоспарлануда               (І кезеңде – 1500-2000 мал бордақылау). Толық қуаттылыққа шығу мерзімі 2026-2027 жылдары 5000 басқа дейін (II кезең).

Су үнемдеу технологиясын 144 гектарға ендіру тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың 6 айында 150 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілді. Жоспар толық орындалды.

Кентауда туризм саласы дамып, туристер саны артты

Жыл басынан бері Кентау қаласына келуші туристер саны   – 1 045 адам құрады (ішкі туристер – 1 038 адам, шетелдік  туристер – 7 адам), келушілер саны 16,6% артқан (2024 ж.есепті кезеніңде  – 896 адам). Туризм саласында көрсетілген қызмет көлемі 10692,0  мың.теңгені құрады.

Биыл   туристер санын 8292 адамға жеткізу жоспарланып отыр. Соның ішінде Хантағы ауылында  13 га жерге 15 заманауи модульді капсулалармен жабдықталған «KHANTAU» демалыс аймағын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Жоба құны – 400,0 млн.теңгені құрайды. Мұнда 70 адам жұмыспен қамтылмақ.  Биыл іске қосылады деп көзделген. Одан бөлек     «Қаратау» қорығы аумағынан визит-орталығын салу көзделуде. Ауданы – 300 шаршы метр құрайтын орталыққа 100 000 адам келеді деп көзделуде.

900 гектар  жердің санатын рекреациялық аймаққа ауыстырып, арнайы тәртібін бекітіп, келген қонақтарға сапалы қызмет көрсету жоспарланып жатыр.

Қаланың  инженерлік-инфрақұрылым саласы бойынша тоқтала кететін болсақ,  Кентау қаласында 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 18 063 абоненттің 15 750 абоненті, яғни 87,2% табиғи газ жүйесіне қосылған.

Сонымен қатар, ауылдарды газдандыру жұмыстары жалғасын табуда. Биылғы жылы  Байылдыр ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 361 абонентке 218 газ реттегіш шкафтары орнатылып, 70 абонент табиғи газға қосылған.

Хантағы ауылына табиғи газ жеткізуші құбырын тарту жобасы жүзеге асырылуда.  Жобаға сәйкес 12,3 шақырым магистралды газ құбырының 6,8 шқ тартылды. Жұмыстарды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Арнайы экономикалық аймақ және Индустриалды аймақ табиғи газбен қамтылатын болады.

Қарнақ ауылы бойынша ішкі орам газ жүйелері газ құбырының ұзындығы – 139 шақырымды  құрайды. Бүгінгі таңда 19,5 шақырым құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары жалғасын табуда.

Жылумен қамтамасыз ету және қазандықтарды қайта құру бойынша Кентау қаласындағы №5 ЖЭО №7,8,9,10,11,12 қазандықтарын қайта құру жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, қазандықтардың іске қосылу барысында анықталған кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Магистралды жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары жалғасын табуда.

7,6 млрд.теңгені құрайтын 14,5 шақырым магистралдық жылу құбырларын қайта құру жұмыстарының 1 шақырым демонтаж жұмыстары аяқталып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде.  Облыс әкімінің қолдауымен тозығы жеткен ішкі орам жылу құбырларын кезеңмен ауыстыру жұмыстары ағымдағы  жылы басталған болатын.   І-кезең бойынша 22,2 шақырым ішкі орам жылу жүйелерін қайта құруға     74 млн. теңге  қаралды. Қазіргі  таңда, жылу құбырларын 2,5 шақырым демонтаждау және 3,5 шақырым монтаждау жұмыстары жүргізілуде. ІІ-кезең 44,2 шақырым ішкі орам жылу жүйелерін қайта құру жұмыстары басталады. Жұмыс барысында жылу құбырларын  9 шақырым демонтаждау, 13 шақырым  құрылыс монтаждау  жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ ІІІ-кезең бойынша  14,6 шақырым ішкі орам жылу жүйелерін қайта құруға жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны – 432 млн. теңге.

Сонымен қатар,  ағымдағы жылы облыстық бюджетті кезекті нақтылауда №5 ЖЭО-ның турбогенераторларын, №5,6 қазандықтарын және қондырғыларын ағымдағы жөндеуге 667,4 млн.теңге бөлінді.

Ауыз су және кәріз жүйесі бойынша

Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар 100% ауыз сумен қамтылған.

Кентау қаласында су құбыры мен су қоймасын қайта жаңарту мақсатында Біресек су станциясының қуаттылығын арттыруға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны – 7,2 млрд. теңге.

Демеушілер есебінен  «Болашақ» мөлтек ауданындағы 15 көшедегі тозығы жеткен ауыз су құбырлары «KZ Invest Construction» ЖШС тарапынан ауыстырылды.

«Беспаевтар» ЖШС тарапынан «Шұғыла» мөлтек ауданына дейін диаметрі Ø500 мм, ұзындығы – 5,2 шқ. болатын магистралды су құбыры тартылуда (3 шақырым аяқталды). Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін толық аяқтау жоспарлануда.  Қала тұрғындарының 78,1% кәріз жүйесімен қамтылған.

Қала тұрғындарын кәріз жүйесімен толық қамтамасыз ету мақсатында кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу