Заң мен тәртіп қағидаты аясында кеңейтілген жиын өтті

Түркістан облысы Полиция департаментінде маңызды басқосу өтті. Түркістан облысында құқықтың саясаттың іске асыру барысында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында өткен жиында жедел қызметтің қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Жиынға Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов төрағалық етті. Оған аппарат басшылығы, аудандық басқарма мен бөлім басшылары қатысты.
Кеңес барысында бірқатар басшылар баяндама жасады. Баяндамашылар облыстағы криминогендік ахуал жан-жақты сараланып, есірткі қылмысына қарсы күрес, интернет-алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ қылмыстардың ашылу және тергелу сапасы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар ҚР құқықтық жүйесін жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғау және құқықтық сауаттылықты көтеру мәселелері кеңінен пысықталды.
Сондай-ақ кеңесте облыстық және республикалық маңызы бар жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, көлік тәртібі мәселелеріне, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге және жолдардағы апат пен өлімнің негізгі себептерін жоюға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.
Облыстың бас полицейі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында басым міндеттер айқындалды. Олардың ішінде «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру, интернет-алаяқтықтың және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, жолдардағы апаттылықты азайту, ақпараттық жадынамалар тапсыра отырып, түсіндіру жұмыстарын және халықпен кездесулер өткізу.
Жиынды қорытындылай келе, Мұрат Қабденов қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындаудың және тиісті бөлімшелердің жұмысындағы кемшіліктерді жоюдың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, полиция қызметін одан әрі цифрландыру, кадрлық әлеуетті жетілдіру және қызмет атқару кезінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру жөніндегі шараларды жандандыруды тапсырып, сала жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар беріліп, жедел-қызметтік бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.
Түркістан облысы Полиция департаментінде өткен жедел кеңес аясында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы нәтижелі қызметі үшін бірқатар тәртіп сақшысы марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және жоғары көрсеткіштері үшін полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің төсбелгілері мен алғыс хаттарына ие болды. Атап айтқанда, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Бақдаулет Тынқозиевке, ІІМ грамотасы Ербол Бекзадевқа, Нұржан Асыловқа, ІІМ-нің алғыс хаты Ержан Жабашевқа, Алмас Балғабековке табысталды.