Заң мен тәртіп: Түркістан облысында 800-ге жуық учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істейді

0
48

Мемлекет дамуы үшін мызғымас тәртіп пен отаншылдық қажет. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Тәптіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп айтқан болатын. Осы бағытта Облыс аумағында азаматтар үшін қауіпсіз ортаны құру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Солардың бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарына сервистік модель қағидаттарын енгізу және кадрлық әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында Түркістан облысында алғаш рет «Учаскелік полиция инспекторы – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында ауданаралық слет өтті.

Аталған шараны Түркістан облысы Полиция департаменті мен облыс прокуратурасы бірлесе ұйымдастырды. Слеттің басты мақсаты – учаскелік полиция инспекторларының құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлін күшейту, тәжірибе алмасу және қоғаммен тығыз байланысты арттыру. Сонымен қатар халықтың құқықтық мәдениетін, толеранттылығы мен құқықтық санасын қалыптастыру.

Жиын барысында учаскелік инспекторлардың күнделікті жұмысы, проблемалық мәселелері және «Жұртқа жақын полиция» қағидатын тиімді іске асыру жолдары талқыланды.

Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, Полиция департаментінің бастығы М.Қабденов, облыс прокуроры М.Тілеубердиев, ҰҚК департаментінің басшысы Б.Қалмұрзаев, ҚР ІІМ Академиясының аға оқытушысы А.Қойшкен, Түркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.Жанысбаева және кәсіби жаттықтырушы Г.Оспанова, сондай-ақ облыс әкімінің құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдары қатысты.

Шара барысында қатысушылар учаскелік полицейлердің қызметі, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері және азаматтармен тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін және заң жобалары мен мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ үздік учаскелік полиция инспекторлары марапатталды және олардың кәсіби дағдыларын арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қауіпсіз ортаны құру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтіп, құқық қорғау органдарының жұмысына сенім білдірді. Ол өз сөзінде құқық қорғау органдарының басты міндеті – қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы ұлы міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Сіздер кез келген сәтте қырағылық пен табандылық танытып, халықтың сенімін ақтап жүргендеріңіз үлкен құрметке лайық. Заң үстемділігін сақтай отырып, тәртіпті қамтамасыз етіп, өңіріміздің қауіпсіздігіне үлес қосатындарыңызға сенім білдіремін, – деген облыс әкімінің бірінші орынбасары  Зұлпыхар Жолдасов  облыста  тұрғындардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов полицейлердің тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалып жатқанын айтып өтті.

– Азаматтардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, «алкогольсіз ауыл» жобасын ілгерілету, сондай-ақ нашақорлықтың, интернет-алаяқтықтың және мал ұрлығының алдын алу – учаскелік полицейлердің негізгі міндеттерінің бірі. ҚР ІІМ қолдауымен олардың тиімді қызмет атқаруына барлық жағдай жасалуда. Инспекторлар тұрақты түрде біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, бейнежетондармен, планшеттермен және қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етіледі. Жаңа учаскелік пункттер мен модульдік бекеттер ашылып жатыр, – деді Мұрат Қабденов.

Қазіргі  таңда Түркістан облысында 800-ге жуық учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істейді. Олар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды тұрақты жүргізуде. Атқарылған жұмыс нәтижесінде бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар саны 3,9%-ға, мас күйінде жасалған қылмыстар 9,1%-ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 15,3%-ға, ал көшеде жасалған қылмыстар 16%-ға азайды. Слет соңында ұйымдастырушылар түрлі құрылым өкілдерін бейбіт әрі қауіпсіз қоғам құру жолында бірлесе әрекет етуге шақырып, естелік суретке түсті.

Аталған шара  қорытындысында  слет ұйымдастырушылары түрлі құрылым өкілдерін бейбіт және қауіпсіз қоғам құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу