Түркістан облысында полиция бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бопсалау қылмысына қатысы бар 4 күдіктіні ұстады. Олар – Сайрам ауданының тұрғындары.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер жергілікті тұрғыннан 1,5 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған. Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстау кезінде жүргізілген тінту барысында жәбірленушіден алынған жеңіл автокөлік, 40-қа жуық оқ-дәрі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Ұсталған күдіктілер қамауға алынды, оқиғаға қатысты барлық мән-жайларды анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бұл жедел әрекеттер құқық қорғау органдарының заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған белсенді жұмысын көрсетеді.






