Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты

0
49

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты.Соның ішінде – Кентау қаласы  өңіріміздегі жалғыз моноқала.   Негізгі салаларда өсім бар. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қалада  тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі дамып келеді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласындағы индустриалды аймақты аралап, өндірістік жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Өңір басшысы кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісін дамыту – өңірдің экономикалық өсімі мен экологиялық қауіпсіздігі үшін маңызды бағыт екенін атап өтті.

Бүгінде Кентау қаласында жалпы аумағы 43 гектарды қамтитын индустриалды аймақта 7 жоба іске қосылып, биыл тағы 3 жоба пайдалануға берілмек. Атап айтсақ,  «Кентау аспап құралдар цехы» ЖК-Темір бұйымдарын жасау; «Айдар Строй Групп» ЖШС–өндіріске қажетті металл қондырғыларын және металл бұйымдарын шығару жобасы; «СапарҚұрылыс» ЖШС – Металл өндірісі цехі.

Игерілген жер көлемі 14 гектар, бос жер көлемі 29 гектарды құрайды. Сонымен қатар, Арнайы экономикалық аймақта қазіргі таңда 2 жоба іске асырылған. Атап айтсақ, «KentauRedStar» ЖШС Кірпіш шығару жобасы, «Темір Бетон» ЖШС Темір бетон бұйымдарын жасау. Ал 1 жоба іске асыру сатысында. Ол – «TURAN SHENHUA» ЖШС Газ қазандықтарын және тұрмыстық техникалаларды өндіру жобасы.

Өңір басшысы сапар барысында «АБН Альянс» ЖШС-нің полиэтиленді құбыр шығаратын цехында болып, зауыт жұмысымен танысты. Сонымен қатар, кірпіш зауытының жұмысы да қарқынды жүргізілуде. Қос нысанда 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы жоба құны – 1,5 млрд теңге.

Облыс әкімі өндірістік жобалардың әлеуметтік әсері мен экологиялық маңызын ескере отырып, саланы қолдауға және кәсіпкерлерге жүйелі көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Биыл Кентау қаласында жалпы 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалар толық іске қосылған жағдайда 492 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Аталған бастамалар қаланың өндірістік әлеуетін арттырумен қатар, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған.

Өнеркәсіп саласы бойынша нақты 4 жоба қолға алынуда. Оның екеуі индустриалды аймақта, ал қалған екеуі арнайы экономикалық аймақта орналасқан. Аталған жобалар іске қосылса, 310 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Мұндағы мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту, өңірдің өндіріс көлемін арттыра отырып, экономикалық дамыған аймаққа айналу.

Сонымен қатар  «TURAN SHENHUA» ЖШС газ қазандықтары мен тұрмыстық техникаларын өндіру жобасы жоспарда бар. Кәсіпорын 120 адамды жұмыспен қамтымақ. Құрылыс жұмыстары биылғы қараша айында аяқталады, жобалық-сметалық құны 2,4 млрд. теңгені құрайды. Кентау индустриалды аймағында «АйдарСтройГрупп» ЖШС металл бұйымдарының өндірісі қолға алынады. Мұнда 50 тұрақты жұмыс орны ашылады, құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Кентау индустриалды аймағында «АйдарСтройГрупп» ЖШС металл бұйымдарын өндіру ісін қолға алмақ. 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде. Құрылыс биыл аяқталып, нысан пайдалануға беріледі.

Өңірде металл құрылымдары өндірісі де дамып келеді. Арнайы экономикалық аймақта «Сапар Құрылыс-С» ЖК металл құрылымдарын өндіретін цех салып жатыр. Жоба құны – 400 млн теңге, 60 жаңа жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес,  Кіші және орта кәсіпкерлер көп шоғырланған Қарнақ ауылынан 10,0 га Өнеркәсіптік аймаққа жер бөлінді. Бүгінгі таңға, инфрақұрылым жүргізу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, жобаларды іріктеу жүргізілуде. Нақтырақ айтсақ, «Medical Style»ЖШС-нің Медициналық киімдер тігіп шығаратын цехы; «SUPERCHEM» ЖК кір жуғыш ұнтақ  және кір жуғыш гель шығаратын цехы;  «Тажидин ата» ШҚ-ғы көкөніс сақтау қоймасын салу ниет білдіруде.

Қалада  инвистиция тарту, инвесторларды қолайлы жағдай жасау бойынша тиісті жұмытар атқарылуда.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу