Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл: Өңірде экономикалық өсім жоғары

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толып отыр. 2018 жылы тарихи шешіммен Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесі беріліп, жаңа кезең басталған болатын. Осы жылдар ішінде өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып, әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны айтарлықтай өсті.
Экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жыл ішінде 2,6 есе артып, 4,5 трлн теңгеге жетті. Салыстыру үшін айтсақ, 2018 жылы бұл көрсеткіш 1,7 трлн теңге болған.
Бұл өсім облысқа тартылған инвестиция көлемінің артуымен, кәсіпкерлік белсенділіктің күшеюімен және инфрақұрылымдық жобалардың жүйелі жүзеге асуымен тікелей байланысты. Түркістан облысы бүгінде еліміздегі инвестициялық тартымды аймақтардың біріне айналып, түрлі салада даму көрсеткіштерін жақсартып келеді.
Өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылдан 2,7 есеге артып, 1214,0 млрд. теңгені құрады. Өсім негізінен металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз жасау, құрылыс өнеркәсібі және мұнай өнімдерін өңдеу салалары өнімдерінің артуы есебінен орын алды.
Облыс аумағында белсенді 405 кәсіпорын жұмыс жасайды. Онда 35 942 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 51,6 млрд. теңгені құрайтын 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде, 1600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2018-2024 жылдары өңірде жалпы құны 56 млрд.теңгеге 37 жоба іске асырылып, 2 500 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ал 2025-2031 жылдары өңірде жалпы құны 629,4 млрд.теңгеге 12 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде, 3916 жаңа жұмыс орны құрылады.
«ҚазАтомпром» Ұлттық компаниясы уран өндіруші компаниялардың сұранысына сәйкес Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды жоспарлауда.
Жобаның инвестициялық құны — 100 млрд. теңге. Зауыт 250 жаңа жұмыс орнын ашуға мүкіндік береді.
Түркістан облысында өндіріс өркендеп келеді. Өңірде өндіріс саласына инвестиция тарту мен заманауи кәсіпорындарды іске қосуға басымдық берілген. Аумақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мақсатында алдағы уақытта бірқатар маңызды ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканың дамуына тың серпін береді.
Айта кетсек, 2018 жылдың 19 маусымында ҚР Президентінің Түркістан облысын құру туралы Жарлығына қол қойылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Осы тарихи Жарлықтың шыққанына, яғни, Түркістан облысының құрылғанына биыл жеті жыл толып отыр. Осы қысқа уақытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Тарихи шаһарда жүздеген құрылыс нысандары бой көтеріп, Түркі әлемінің мәдени және туристік астанасы ретінде ажарлана түсті.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн. теңгеге жетті (2018 ж. 1,7 трлн.теңге). Өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылдан 2,7 есе артып, 1 214,0 млрд. теңгені құрады (2018 ж. 438,6 млрд. теңге). Өнеркәсіптік алаңдарға тоқталсақ, облыс көлемінде инфрақұрылым желілерімен қамтылған 19 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аймақтарда 52 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 195,4 млрд. теңгеге 57 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыста алғаш рет 100 га аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы ашылды. Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 7 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты (2018 ж. 548,7 млрд.теңге). Жалпы өндірілген өнім көлемі бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Агроөнеркәсіп кешеніне 7 жылда жалпы 700 млрд. теңге инвестиция тартылды. Инвестиция тарту – экономиканың маңызды бағыты. Облыс экономикасына тартылған инвестиция 7 жылда 4,2 есеге артып, 1335,0 млрд. теңгені құрады (2018 ж. 314,1 млрд.тг). Биыл жыл басынан тартылған инвестиция 387,8 млрд. теңгені құрады (оның ішінде 199,3 млрд. тг. – жеке инвестиция, 128,7 млрд.тг – бюджеттік инвестиция). Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 млрд. 144,2 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар (467 млн. АҚШ доллар) 245,0%-ға артығымен орындалды. Туризм саласына 7 жылда жалпы 442,6 млрд. теңге инвестиция тартылды (жұмыс орындары 18,1 мың адам).
Түркістан қаласында 100 мың адамға лайықталған инфрақұрылым тартылып, тұрғын үйлер салынды. Әлеуметтік-спорттық-мәдени нысандар бой көтерді. Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, арнайы Заң қабылданды. Қазіргі таңда Түркістан шаһары – Орталық Азиядағы ең сәулетті қалалардың біріне айналып келеді. Ал Түркістан облысында экономикалық-әлеуметтік жанданып, даму үстінде. Түркістан өңірін дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.