Түркістан облысында полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен тұлға жауапкершілікке тартылды

Түлкібас аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Ө.-ге қатысты іс қаралды.
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 25 мамырында түнгі сағат 00:30 шамасында Түлкібас теміржол станциясының перронында Ө. әскерге шақырылған досымен қоштасу кезінде полиция қызметкерінің қызметтік міндетіне кедергі келтіріп, оған қарсылық көрсеткен. Оқиға нәтижесінде әскерге шақырылған азамат поездан қашып кеткен.
Сотта Ө. өз кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
2025 жылдың 16 маусымында шығарылған сот қаулысымен құқық бұзушы 30 АЕК (117 960 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді.
Қаулы заңды күшіне енді.