Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

0
33

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.

Спортшы 500 метр қашықтықта ең жоғары нәтиже көрсетті.

Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд. Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу