ТҮРКІСТАНДА ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

0
43

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай өңірлік патриоттар форумы ұйымдастырылды. Салтанатты жиын Мемлекеттік Туға құрмет көрсетіліп, Әнұранның орындалуымен басталды.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты. Форумда сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, өңірде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастардың патриоттық тәрбиесін күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Патриоттар форумы – ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды ұлықтайтын маңызды алаң. Қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал етуде. Түркістан облысында бүгінгі таңда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларында ауқымды жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Осындай даму үдерісінде еңбек адамдарының үлесі айрықша. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау, жастардың отансүйгіштік рухын күшейту бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жалғасуда. Биыл Ордабасы, Мақтаарал және Сауран аудандарында жаңа Рәміздер алаңдарының ашылуы – осының айқын дәлелі, – деді Ертай Алтаев.

Сонымен қатар облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов құттықтау сөз сөйлеп, елдік рухты нығайтудағы азаматтық қоғам мен еңбек адамдарының рөліне тоқталды.

Форум барысында түрлі салада жоғары жетістіктерге жетіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың қатарында дәрігерлер, жедел жәрдем қызметінің жүргізушілері, мұғалімдер, мәдениет саласының қызметкерлері, құрылысшылар, кәсіпкерлер, спортшылар, өрт сөндірушілер және патрульдік полиция қызметкерлері бар.

Айта кету керек, мұндай қоғамдық және патриоттық бағыттағы іс-шаралар өңірдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты нығайтып, еңбек адамдарының беделін арттыруға, азаматтардың қоғамдық белсенділігін күшейтуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Түркістан облысының тұрақты экономикалық дамуы мен қоғамдық келісімін нығайтудың маңызды факторы болып саналады.

Іс-шара марапаттау рәсімінен кейін отаншылдық рухты асқақтататын концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу