Түркістанда тартысты 1/4 финалдық ойындар ұйымдастырылды

0
18

Түркістан облысында жастар саясатын дамыту, шығармашылық индустрияны қолдау және мәдени-рухани жобаларды кеңейту бағытындағы жұмыстар әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бөлігі ретінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жастардың бастамаларын қолдау, олардың білім алуына, кәсіпкерлікпен айналысуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына жағдай жасауға ерекше назар аударылып келеді.

Мұндай кешенді саясат жастардың еңбек нарығына бейімделуіне, жаңа идеялар мен стартап жобалардың пайда болуына және өңірдің инновациялық әлеуетінің артуына ықпал етуде. Сонымен қатар мәдени-шығармашылық индустрияның дамуы Түркістанның инвестициялық және туристік тартымдылығын арттырып, қаланың заманауи рухани-мәдени орталық ретінде қалыптасуына серпін беріп отыр.

Осы ауқымды бағыттар аясында Түркістан қаласында «Жайдарман» Ұлттық лигасының 1/4 финалдық кезеңі өтті. Аталған іс-шараны облыстық қоғамдық даму басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты бірлесіп ұйымдастырды.

Ауқымды додаға еліміздің әр өңірінен іріктеліп келген үздік командалар қатысып, көрермендерге тартысты әрі әсерлі ойын ұсынды. Қатысушылар сахнада тапқыр әзіл, актерлік шеберлік пен ерекше қойылымдар арқылы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Ойынның қазылар алқасының құрамында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен, «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, белгілі жайдарманшылар Ерлан Айтбаев пен Маңсар Орынхан, сондай-ақ актриса Жұлдызай Дүйсенбиева болды.

Кеш барысында қазылар алқасы қатысушылардың өнеріне баға беріп, жастар шығармашылығы мен қазіргі жайдарман өнерінің даму үрдістері туралы пікір алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдық белсенділігін күшейтіп, ұлттық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу