«Қауіпсіз жол» аясында Түркістан облысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталуда

0
82

Түркістан облысында азаматтардың құқықтық санасын арттыру және заңға деген құрметті қалыптастыру бағытында жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы бастамалар облыс әкімдігі, прокуратура және білім беру ұйымдарының бірлескен іс-қимылы аясында жүзеге асырылып келеді.

Мақсат – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, заң нормаларын түсініп, саналы түрде заң талаптарына сай әрекет етуіне жағдай жасау. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы қоғамда тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтық жауапкершілікті арттыру көзделуде.

Іс-шаралар аясында мектептерде, оқу орындарында және еңбек ұжымдарында түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер ұйымдастырылып, бейнематериалдар мен жадынамалар таратылуда. Сонымен қатар құқық қорғау органдары өкілдерімен тікелей байланыс орнату, құқықтық кеңес алу мүмкіндіктері қарастырылып отыр.

Осындай кешенді шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға, заңсыз әрекеттерге «нөлдік төзімділік» қалыптастыруға және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда.

Түркістан облысында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Бұл акция ҚР Президентінің «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік тәртібін арттыру және апаттардың алдын алуға бағытталған.

Іс-шара барысында полицейлер 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, қауіпсіздік белдігін тақпаған 50 жүргізуші, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланған 38 азамат, техникалық байқаудан өтпеген 10 көлік иесі, сақтандырусыз жүрген 7 адам және қарсы қозғалыс жолағына шыққан 1 жүргізуші жауапқа тартылды.

Сонымен бірге,  жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жолдардың қауіпті учаскелеріне қосымша белгілер, ескерту тақтайшалары орнатылып, жолдарды жарықтандыру және белгілеу жұмыстары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге арналған QR-кодтары бар ақпараттық жадынамалар таратып, жол ережесін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және тәртіп бұзбауға үндеді.

Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің және жаяу жүргіншінің ортақ жауапкершілігі.

Түркістан қаласында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы қатысушылары арасында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, адам өлімі мен жарақаттануды азайту, сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің құқықтық мәдениетін арттыру.

Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері республикалық маңызы бар тас жолдарда көлік жүргізушілерін тоқтатып, жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша кеңес берді. Сонымен қатар, арнайы дайындалған жадынамалар таратып, әрбір азаматтың жолдағы қауіпсіздікке жауапты екенін түсіндірді.

Полицейлер жүргізушілерді жылдамдықты шектен тыс асырмауға, мас күйде көлік жүргізбеуге, жол белгілерін сақтауға және жаяу жүргіншілерге жол беруге шақырды.

– Жол қозғалысына қатысушы әр азамат заң талаптарын қатаң сақтап, өзінің ғана емес, өзгелердің де өміріне жауапты екенін ұмытпауы тиіс, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Мұндай іс-шаралар жол-көлік апаттарының алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу