Кентауда 4 мыңнан аса түп тал егілді

0
31
✔️Көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін Алғыс айту мерекесінде кентаулықтар жаппай «Таза Қазақстан» тазалық шарасына қатысып, 4000-нан аса тал отырғызды.
✔️Игі шараға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық маслихат депутаттары, қалалық ардагерлер және ақсақалдар мүшесі, ақжаулықты әжелер, қала жастары, спортшылар қатысты.
✔️Наурызда табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгілі, тазалық пен еңбек айы екендігін айтқан қала басшысы тал егуге келген көпшілікті мерекемен құттықтады.
✔️Қаланың қазыналы қариялары тал отырғызу ата-бабадан келе жатқан дәстүр екендігін айтып, игілікті шараға ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығын тілеп ақбаталарын берді.
✔️Д.Қонаев даңғылының бойында қаланың зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен көгалдандыру шарасында 200 түп катальпа, айлант және 4000 түп қара ағаш көшеті егілді. Жалпы, қалада жыл соңына дейін 9 мың тал көшетін отырғызу жоспарланған.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу