Түркістанда «Тәрбиелі жастар – бақытты ел болашағы» атты конференция өтті

0
152

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бүгін маңызды тақырыптарды қамтыған «Тәрбиелі жастар – бақытты ел болашағы» атты конференция ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаменті Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы А.Жарқынбек, Ювеналды полиция тобының аға инспекторы Б.Ташимов, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Е.Кожбанов, жоғарғы дәрежелі психолог Б.Аширбекова және ХҚТУ вице-ректоры Е.Төлегенов қатысты.

150-ге жуық студентті қамтыған жиында жастар арасында жиі кездесетін маңызды мәселелер сөз болды. Атап айтқанда, есірткіге тәуелділік, лудомания, отбасындағы зорлық-зомбылық, сталкинг секілді құбылыстардың зияны және олармен күрес жолдары талқыланды. Спикерлер зорлық-зомбылықтың түрлерін түсіндіріп, оның салдары мен заң жүзіндегі жауапкершілігі туралы нақты мысалдармен жеткізді.

Сонымен қатар есірткі қылмыстарына қатысты қабылданған жаңа заңдар мен Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер таныстырылды.

Іс-шара соңында студенттерге арналған психологиялық тренинг өтіп, жастарға пайдалы кеңестер берілді.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу