ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАРДЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚҚА ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

0
38

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселесі жөнінде мәжіліс өтті. Онда жастарды отаншылдыққа, әскери бағытта тәрбиелеу, мемлекеттік ұйымдардың  әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруы,  әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмысының тиімділігі және алдағы жоспарлары талқыланды.

Басқосуға облыстың қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Қуанышбек Кулумбаев, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалды, Облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысы Ермек  Өсербаев, «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ернар Бектаев қатысып, баяндама жасады.  Сондай-ақ жиынға  бейне-селекторлық байланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары аудан, қала әкімдіктеріне әскери-патриоттық бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

– Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу маңызды. Әскери-патриоттық тәрбиелеумен қамту жұмыстары күшейтілсін. Аудан, қала бойынша жинақтау пунктерін компьютер, перифериялық техникамен және интернет желісімен, медициналық құрал-сайманмен толықтай  қамтамасыз ету міндет. Жастар орталығы әскери-патриоттық шараларды ұйымдастыру қажет, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Жиын соңында  облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға нақты тапсырма беріп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмысты жүйелеу қажеттігін атап өтті.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу