Түркістан облысында жылына 300 мың тонна мақта өңдейтін бірнеше заманауи зауыттар салу жоспарлануда

Түркістан облысы өңдеу өнеркәсібін дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Әлемдегі ең ірі тоқыма компанияларының бірі – Texhong Group өкілдерімен келіссөз жүргізіліп, өңірде мақта кластерін құру мәселесі талқыланды.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров халықаралық компания басшыларымен кездесіп, инвесторға Түркістан облысының әлеуетін таныстырып, мақта саласын терең өңдеу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Тараптар өңірде мақта кластерін дамытуға үлес қосып, жылына 300 мың тонна мақта өңдейтін бірнеше заманауи зауыттар салу жоспары пысықталды.
Түркістанда мақта өсіріледі, өңделеді, одан мата тігіліп, киім шығарылады. Осы толық тізбекті жасап, дайын өніммен әлемдік нарыққа шығу – басты мақсат. Мақта – тек аграрлық өнім емес, өңір дамуының драйверіне айналмақ. Түркістан облысы тағы бір халықаралық ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қадам басуда. Шикізатты арзан бағамен шетелге сатпай, өзімізде мата, киім, дайын өнім шығару – жаңа экономикалық деңгейдің бастауы.
Texhong Group – тоқыма өндірісіндегі жаһандық көшбасшы. Компания жыл сайын 900 мың тонна мақта өңдейді. Қытай, Вьетнам, Түркия, Мексика және Никарагуа елдерінде өндірістік базалары бар. Компания құрамында иірім жіп және мата өндірісі, индустриялық парктерді дамыту және күн энергетикасы арқылы энергия өндіру бағыттары бар. Компания энергияны күн көзінен, газдан өндіреді және қажет жағдайда қосымша қуат көздерін де іске қоса алады. Яғни, өндірісті өз энергиясымен толық қамтамасыз етуге қауқарлы.
Бүгінде Түркістан облысында жылына 150 мың гектарға мақта егіліп, 270 мың тоннаға жуық өнім жиналады. Жеңіл өнеркәсіп саласында да үлкен мүмкіндіктер бар. Су үнемдеу технологияларын енгізген шетелдік инвесторлар элиталық мақта сорттарын өсіріп, саланы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеріп отыр. Бүгінде өңірде 25 мақта өңдеу зауыттары бар. Иірілген жіп және мата өндірісін қамтитын тоқыма кластерлерін құру жоспарда бар. 2027 жылға дейін облыста 5 тоқыма кластерін іске қосу көзделіп отыр.
Осы жылы өңірде мақта алқабы 38 мың га артып жалпы 144,5 мың гектарда мақта егілуде, биылғы жылға 470 мың тоннаға жуық шитті мақта жиналуы күтілуде. 50 мың га алқапта озық технологияларды қолданумен егілуде.
Облыста 20 индустриялық аймақ пен дайын өндірістік парк жұмыс істейді. Инвесторлар үшін барлық қажетті инфрақұрылым тартылған. Бұл – шикізатқа бай, инфрақұрылымы дайын, еңбек ресурсы мол Түркістанды шетелдік инвесторлар үшін ерекше тартымды етеді.
Texhong-ның Түркістанға келуі – тек инвестиция ғана емес, технология мен тәжірибе трансфері. Атап өтсек, тұрақты жұмыс орындары ашылады, экологиялық таза өндіріс стандарттары енгізеді және жаңа кәсіптік оқыту үлгілерін енгізуге ықпал етеді. Бұл – облыстың индустриялық кластерін дамытудағы жаңа серпін береді.
Облыс әкімінің сөзінше, бізге мақта егумен қатар оны терең өңдейтін өндірістер қажет. Бұл бағытта Texhong сынды алпауыттармен әріптестік – біздің стратегиялық таңдауымыз. Біз сіздерге барлық қажетті мемлекеттік қолдауды ұсынамыз деп атап өтті.
Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамтылған индустриялық аймақтар бар. Осы салаға жауапты басшылар әр инвестормен облыс әкімі жеке байланыс орнатып отыр. Әкім инвесторларды мақтаның отаны саналатын Түркістан өңірінде дамытуға шақыруда. Әкімдік тарапынан барлық қолдау мен сүйемелдеу болады. Мақта – біз үшін тек ауыл шаруашылығы емес, индустриялық және өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуының серпіліс құралы.