Инвесторлар Түркістан облысының экономикалық әлеуетіне жоғары баға берді

0
14

Қазақ-қытай қатынастарының берік достық байланысы стратегиялық серіктестік пен мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісіне айналғанын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жиі айтады. Екі ел көшбасшылары арасындағы сенімді диалог пен стратегиялық серіктестік Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының барлық салалар бойынша дамуында шешуші рөл атқарып отыр.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында өңірлерде инвестициялық жобаларды дамытып, халықаралық әріптестікті кеңейту, цифрландыру мен инновациялық өндірістерге қолдау көрсету негізгі басымдық ретінде белгіленген болатын.

Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай Халық Республикасының инвесторлары, сондай-ақ Вэньчжоу қаласының Сауда департаментінің басшысы Юй Лицин бастаған ресми делегация арасында B2G форматында кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру.

Кездесуде  тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, биылғы тамыз айында Қытай еліне жасаған кезекті іссапар аясында Қытайлармен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, бүгін екі елдің дамуына үлес қосатын Қазақ-Қытай өнеркәсіптік паркі құрылысының іргетасын қалау рәсімін өткізгелі отырмыз. Біз өздеріңіздей серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әрқашан дайынбыз, – деді облыс басшысы Нұралхан Оралбайұлы.

Жүздесу барысында шетелдік компаниялар күн энергиясы, электр жабдықтары, құбыр арматурасы, пластмасса бұйымдары, цифрлық технологиялар, «Ақылды үй» жүйелері, күн панельдері және олардың компоненттерін өндіру, тұрғын үй және коммерциялық кешендер, инфрақұрылым нысандары (ауруханалар, мектептер, әуежайлар), сондай-ақ төмен вольтты электр жабдықтары мен қауіпсіздік шешімдерін әзірлеу жобаларын таныстырды. Бұдан бөлек, өндірісті цифрлық басқару, сайт жасау, оларды Google, Meta, LinkedIn, TikTok платформаларында ілгерілету және шетелдік клиенттерді тарту бойынша цифрлық маркетинг шешімдері ұсынылды.

Сонымен қатар, электр энергиясын беру және тарату жабдықтарын, электр шкафтары, күн мен жел электр стансалары үшін қосалқы станса, басқару және автоматтандыру жүйелерін шығару, экологиялық туризм, қонақүй және ойын-сауық қызметтері, дрондар мен цифрлық трансформация шешімдерін әзірлеу мәселелері де талқыланды.

Түркістан облысы бойынша өзара тауар айналымы 296 млн АҚШ долларына жеткен. Нақтырақ айтсақ, экспорт – 85 млн, импорт – 211 млн доллар. Өңірде жалпы аумағы 2397 гектар болатын 20 индустриялық аймақ пен 4000 гектарлық «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылып, жаңа өндірістік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Шағын өнеркәсіптік парктер» салынып жатыр. Өзздеріңізге белгілі,  ауыл шаруашылығы – Түркістан облысы экономикасының негізгі драйвері. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіп өндірісінің 44%-ын өңдеу өнеркәсібі (983 млн доллар) құрайды. Өңір мақта өңдеу бойынша 1-орында, ал текстиль өнімдері мен трансформатор өндірісі бойынша 2-орында тұр.

Бүгінде Қытай Халық Республикасы Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялар бойынша ТОП-5 инвестор ел қатарына кіреді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 31,1 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 14,9 миллиард, импорт – 15,2 млрд. АҚШ доллары.

 Қытайлық делегация өңірдің экономикалық әлеуетіне жоғары баға беріп, бірқатар нақты бағыттар бойынша жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді. Алдағыа уақытта бұл әріптестік Түркістан облысына тікелей шетелдік инвестиция тартуға, заманауи өндіріс орындарын ашуға және жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу