Түркістанда құқықтық мәдениетті нығайтуға басымдық берілуде

0
3

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен құқықтық реформалар аясында Түркістан облысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.

Облыстағы мемлекеттік органдар мен бейінді мекемелер құқықтық актілерді әзірлеуде ашықтық пен инклюзивтілікке ерекше назар аударып, қоғамдық тыңдаулар мен онлайн-кеңестерді тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл қадамдар халықтың заң алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.

Құқықтық мәдениет дегеніміз – тек заңдарды жаттап алу емес, оларды күнделікті өмірде тиімді қолдану, заң аясында әрекет ету және өзгелердің құқықтарын құрметтеу. Қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың негізі де – осы. Себебі құқықтық сауаты жоғары азамат – мемлекеттің тірегі.

Құқықтық түсіндіру жұмыстарының жандана түсуі, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен халыққа қолжетімділігінің артуы – ел Президенті айқындаған бағыттардың өміршең екенін көрсетеді. Бұл – құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы маңызды белестердің бірі.

 

Түркістан облысында жүргізіліп жатқан реформалар – әділет пен заң үстемдігін қамтамасыз етіп, өркениетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқаруда. Жастардың бойына заңға құрмет пен құқықтық жауапкершілік сезімін сіңіру – болашаққа салынған сенімді негіз.

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы әр азаматтың заңға деген құрметі мен құқықтық сауаттылығына тікелей байланысты. Құқықтық мәдениет – бұл тек заңдарды білу емес, сонымен қатар оларды күнделікті өмірде қолдана білу, заң аясында әрекет ету және өзгелердің де құқықтарын құрметтеу.

Құқық – мемлекет бекітіп, рұқсат берген, барша азаматқа міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы. Ол – адамдар арасындағы маңызды қатынастарды реттейтін және мемлекет тарапынан орындалуы бақылауға алынатын жалпыадамзаттық нормалар жүйесі. Құқық – жай ғана ереже емес, ол қоғамның тұрақты дамуы мен әділдік орнауының кепілі. Оның мазмұны негізгі ұстанымдарынан көрініс табады. Атап айтқанда,  саяси биліктің халық еркіне бағынуы, меншік түрлерінің тең құқықтылығы, адамгершілік және әділдік қағидаттарына негізделуі бар.

Құқық нормалары адамдардың іс-әрекетіне бағыт-бағдар беріп, қоғамда тәртіп пен үйлесімділікті қамтамасыз етеді. Бұл ретте, құқықтық мәдениетті қалыптастыру – әрбір азаматтың міндеті. Себебі, заңды білу – құқықты қорғаудың алғашқы қадамы.

Бүгінгі таңда елімізде құқықтық түсіндіру жұмыстары, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен қолжетімділігі артып келеді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы да азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Құқықтық мәдениеті жоғары адам – өз құқығын біледі, өзгенің де құқығына қол сұқпайды. Сондықтан да өркениетті қоғам құрудың алғышарты – құқықтық сананы көтеру, жастардың бойына заңға деген құрметті сіңіру.

Қорытындылай келе, құқықтық мәдениет – қоғамдық тәртіп пен әділеттің кепілі. Ол барша азаматтың ортақ жауапкершілігі мен күнделікті өмірлік ұстанымына айналуы тиіс.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу