Түркістан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті арттыру бойынша кеңес өтті

0
28

Түркістан облысында құқықтық саясаттың іске асырылу барысы мен құқықтық қамтамасыз ету жүйелі түрде дамып келеді. Облыста заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған шаралар атқарылуда.

Құқықтық саясат аясында жергілікті әкімдіктер, құқық қорғау органдары және қоғамдық ұйымдар арасында ынтымақтастық күшейтіліп, заңнамалық нормалардың орындалуы тұрақты бақылауда ұсталады. Сонымен қатар, тұрғындарға құқықтық консультациялар беру, қоғамдық құқықтық білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Құқықтық қамтамасыз ету бағытында сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыру, құқықтық инфрақұрылымды жетілдіру, тұрғындардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету басты назарда. Бұл өңірдің тұрақты дамуы мен азаматтардың сенімділігін нығайтуға ықпал етуде.

Осы орайда Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Ордабасы аудандық полиция бөлімінде 2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша шұғыл кеңес өтті. Кеңеске бөлім бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Руслан Мейрбеков, бөлім басшылары мен жеке құрам өкілдері қатысты.

Басқосуда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тіркелген қылмыстардың ашылуы, тергеу барысы және жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылық мәселелері жан-жақты қаралды. Одан өзге Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстар, нормативтік-құқықтық актілердің сапасы, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғау және құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары кеңінен сөз болып,  қоғамдық орындарда, көшеде және топпен жасалған қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмендегені атап өтілді.

Халық арасында өткізілетін профилактикалық шараларға баса назар аударылды. Атап айтсақ,  «Бір нүктелік» рейдтік шаралар мен интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілгені айтылды.

Жиында Руслан Мейірбеков: Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық саясатты жетілдіру жөніндегі тапсырмалары, оның ішінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Әділ қоғам – тиімді мемлекет» тұжырымдамалары негізге алынғанын атап өтіп, құқық саласына жауапты Әділет департаментінің қызметі, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, әкімдік пен мәслихат шешімдерінің заңдылығы, атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар атқаралып жатқанына тоқталды.

Кеңес қорытындысында нақты шешімдер қабылданып, әр бағытқа тиісті тапсырмалар жүктелді. Қабылданған шаралардың орындалуы тікелей бақылауға алынатын болады.

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу