Заң мен тәртіп: Түркістанда қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі сараланды

0
19

Түркістан қалалық Полиция басқармасында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытынды жиыны өтті. Жиынға басқарма бастығы, полиция полковнигі Жасұлан Нысанбаев төрағалық етті.

Кездесу барысында Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Бексар Амангелдіұлы, Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Ахан Дәуірұлы және Тергеу бөлімінің бастығы Еркінбек Әлішер баяндама жасап, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Одан бөлек жиында  құқықтық қамтамасыз ету бойынша бейінді ведомстволардың жұмысын күшейту, халықтың құқықтық мәдениеті мен толеранттылығын арттыру, құқықтық сана қалыптастыру, сондай-ақ заң жобалары мен мемлекеттік органдардың шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің қызметтік этика нормаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және учаскелік инспекторлардың жұмысын жетілдіру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Басқосу соңында Жасұлан Нысанбаев бірқатар кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге ескерту жасап, учаскелік полиция инспекторларының жұмысын нығайту, қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы тапсырма беріп, сала басшыларына жеке құраммен жұмысты дұрыс ұйымдастыруды ескертті.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу