Түркістан облысында құқықтық саясат аясында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті

0
41

Түркістан облысында құқықтың сасаттың іске асыру барысында  «Заң мен Тәртіп»  қағидаты аясында Түркістан облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында бірқатар онлайн-кездесулер өткізді. Соңғы сәтте елімізде интернет арқылы жасалатын қылмыстар жыл санап артып келеді. Мұндай қылмыстарды ашу оңайға соқпай отырғанын мәлімдейді.  Сол себепті олардың алдын алуға баса назар аударылуы тиіс.

Кездесуге облыс бойынша 3 мыңға жуық денсаулық сақтау және білім беру мекемелері мен 4 мыңнан астам педагог пен медицина қызметкерлері қатысты.

Мақсаты – қатысушыларды интернет-алаяқтықтың түрлерін айта отырып, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалану, жалған инвестициялық платформалар, әлеуметтік желілердегі жалған ұтыс ойындары, фишингтік сілтемелер және жұмыс ұсыныстары мен жеңіл табыс көздері бойынша алаяқтық жолдарын айтып таныстыру және оларға қарсы тиімді сақтану шараларын түсіндіру.

Кездесу барысында полицейлер интернет алаяқтық барысында адамдар оңай ақша табамын деген сылтаумен алдаудың кең таралған схемалары, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы, күдікті сілтемелер мен хабарламалардан қорғау тәсілдері туралы айтты. Сондай-ақ алаяқтық жағдайында қалай және қайда жүгіну керектігі туралы ұсыныстар берді. Шара  соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Жиналғандардың өзекті сұрақтарына киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Шакім егжей-тегжейлі жауап беріп, азаматтардың алаяқтықпен күреске белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Тәртіп сақшылары атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу халық арасында киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді.

Жиында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері: жалған инвестициялық платформалар, фишингтік сілтемелер, әлеуметтік желідегі ұтыс ойындары, жұмысқа орналасу мен оңай табыс табу ұсыныстары, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалану арқылы жасалатын алаяқтықтар жайлы кеңінен ақпарат берілді.

Мамандар мұндай қылмыстардың жыл сайын артып келе жатқанын, оларды ашудың күрделі екендігін ескерте отырып, азаматтарды сақ болуға шақырды. Онлайн-алаяқтықтың алдын алу – құқықтық мәдениетті арттырып, қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі.

Қазіргі таңда заманауи технологиялардың дамуына байланысты интернет-алаяқтық жайттарының да саны артып жатыр. Осыған орай  азаматтардың қаржылық білімін арттыру және қаржылай қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындар мен денсаулық сақтау қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, адамдар көп шоғырланатын орындарда ескертпе парақтарын таратты.

Қоғамдағы құқықтық сана мен білім деңгейінің жоғары болуы – дамудың негізгі көрсеткіші. Сондықтан құқықтық саясат – тек мемлекеттік емес, бүкіл қоғамға ортақ міндет. Әрбір азамат өз құқығын біліп, оны қорғауға мүдделі болғанда ғана әділдік пен заң үстемдігі орнайды.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін нақты саяси шешімдер арқылы көрсетіп келеді. Оның ішінде сот жүйесін жаңғырту, құқық қорғау органдарының жауапкершілігін арттыру және азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғау тетіктерін жетілдіру – басым бағыттар қатарында.

Президент өз Жолдауында: «Судьялар табандылық танытса, тергеу амалдары сапалы жүргізілетіні анық. Қылмыстық қудалауға түскен азаматтардың құқықтары да лайықты қорғалары сөзсіз», – деп атап өтті. Бұл құқықтық саясатты іске асырудағы мемлекет ұстанымының айқын көрінісі.

Құқықтық саясатты сапалы жүзеге асыру – ел дамуының басты кепілі. Бұл бағытта Түркістан облысында ҚР Әділет министрлігінің жергілікті аумақтық органы – Әділет департаменті маңызды рөл атқарады.

Бүгінде департамент еліміздегі құқықтық саясатты жүзеге асыруда және өңірдегі нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыруда белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жергілікті атқарушы органдардың — әкімдік, мәслихат қабылдаған қаулы, шешім және ережелерінің заң талаптарына сәйкестігін тексеру – департаменттің негізгі функцияларының бірі.

Сонымен қатар сот актілеріне теңестірілген атқарушы құжаттардың орындалуын бақылау, кейбір әкімшілік құқықбұзушылық істерін сотқа жолдау секілді өкілеттіктер де Әділет органдарының құзырында.

Сала үнемі жаңарып, заңнамаға өзгерістер енгізіліп отырады. Бұл – заман талабы. Қоғамның құқықтық сауатын арттыру мен заң үстемдігін қамтамасыз ету – әділетті Қазақстанды құрудың берік негізі.

Заң үстемдігін қалыптастыру – халықтың құқықтық мәдениетін дамытумен қатар жүретін процесс. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері болып саналады.  Құқықтық тәрбие,  бұл – құқықтық нигилизмге қарсы тұру және жеке тұлғаны қалыптастыру процесін қамтамасыз ету үшін мемлекет пен қоғамның құқықтық сананы және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен жетілдірудің мақсатты және жүйелі қызметін көздейтін іс-әрекеттің күрделі және көп қырлы жүйе. ҚР-да құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Құқықтық тәрбие заңның рөлін күшейтуге, қоғамның объективті шындықтың тәуелсіз факторы ретіндегі маңыздылығын түсінуіне және демократияны жетілдірудің, заңның үстемдігі мен құқықтық тәртіпті нығайтудың өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне жауап беруімен түсіндіріледі.

Облыс  демократиялық даму жолында құқықтық саясатты дамытуға айрықша назар аударып келеді. Осы ретте 2002 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы» еліміздің құқықтық негіздерін қалыптастыруда маңызды стратегиялық құжатқа айналды.

Түркістан облысында да осы тұжырымдама негізінде заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауатын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстарға өңірлік Әділет департаменті жауапты орган ретінде басшылық етуде.

Құқықтық саясат тұжырымдамасының табысты іске асуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен қорғалуына, мемлекеттік органдардың әділ және ашық жұмыс істеуіне, заңнамалардың сапалы орындалуына тікелей байланысты. Сонымен қатар, құқықтық сауаты жоғары қоғам – тұрақты әрі әділетті мемлекеттің кепілі екенін уақыт дәлелдеп отыр.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында құқықтық саясаттың негізгі бағыттары –бюрократиядан арылу, сот жүйесін жетілдіру, нормативтік-құқықтық актілердің тиімділігін арттыру және құқық қорғау саласының заманауи талаптарға бейімделуі секілді маңызды бағыттар бойынша жұмыс жалғасуда

Түркістан облысында құқықтық саясатты тиімді жүзеге асыру, халықтың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу