Түркістан: Шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілді

0
62
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың Шанхай аймағынан келген инвесторлар делегациясын қабылдап, өңірдің өндірістік және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, әлеуметтік-экономикалық дауын атап өтті. Кездесуде облыс басшысы Түркістанның туризм, ауыл шаруашылығы, өндіріс және өңдеу салаларындағы әлеуетіне тоқталып, шетелдік серіктестермен әріптестікке дайын екенін жеткізді. Бұл – Түркістанның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, Шанхайда Түркістан облысының туристік әлеуетін танытатын ақпараттық кеңсе ашуға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзінде:  Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Биыл Шанхай қаласында Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыратын ақпараттық кеңсе ашуға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Бұл – өңір туризмі үшін маңызды қадам. Сіздермен өндірістің сан саласында әріптестік орнатуға дайынбыз. Облыста индустриалды аймақтар, өндірістік парктер, арнайы экономикалық аймақ бар. Ауыл шаруашылығынан бөлек өндіріс, туризм және өзге де бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз деп атап өтті.
Шанхайлық делегация өкілдері мен ірі кәсіпкерлері Түркістан өңіріне қызығушылық жоғары екенін айтты. Сондай-ақ  жобаларды талқылауға дайын екендерін жеткізді. Олар Түркістан облысының туристік орындары туралы Қытайда ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізетін болады. Сонымен бірге инвесторлар алманы терең өңдеп, Еуропаға экспорттау, ұн және наубайхана шаруашылығын дамытып, өз елдеріне экспорттау, түсті металдарды терең өңдеу, киім тоқу саласы бойынша да өндіріс орындарын ашып, бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар екендерін  де атап өтті.
Қос тарап ұсынылған жобаларды егжей-тегжейлі зерделеп, нақты келісімдерге келу үшін келіссөздерді жалғастыруға келісті.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу