Заң мен тәртіп: Түркістан облысында 60-тан астам заңсыз құқық бұзушылық анықталды

0
39

Түркістан облысында құқықтық саясатты іске асыру бағытында облыстық  полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз құқық бұзушылық анықтады. Жыл басынан бері облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 220 қылмыстық құқық бұзушылықты анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев айтты.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 250 келіден астам есірткі заттары тәркіленген. Қабылданған шаралар нәтижесінде аталған мерзімде 2 есірткі зертханасы жойылды. Анықталған қылмыстар бойынша 82 тұлға қамауға алынды.

Сонымен қатар осы жылдың 1 маусымынан бастап республика аумағында «Қрасора – 2025» профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.  Аталған шараның алғашқы бір айында есірткі тасымалдау және өсіру бағыты бойынша 63 құқық бұзушылық анықталған. Осы аралықта заңсыз айналымнан 57 келі түрлі есірткі тәркіленіп, 6 мыңнан астам есірткі өсімдіктері жойылды. Сондай-ақ трамадол психотроптық затына байланысты ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Шара барысында 10 тұлға есірткі қылмыстары бойынша қамауға алынды.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекске сәйкес, оқу орындарында және кәмелетке толмағандарға есірткі заттарын, соның ішінде синтетикалық есірткіні таратқан немесе сатқан тұлғаларға 10 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Полиция департаменті өкілдерінің  айтуынша,  мұндағы  басты мақсаттарының бірі – «Заң мен тәртіп» қағидасын қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу