Түркістан облысында әлеуметтік нысандар қарқынды салынуда

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық маңызы нысандарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл өңірдегі 6 ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Шардара және Жетісай аудандарына арнайы іссапармен барып, медицина мекемелеріндегі жөндеу барысын бақылады.
Шардара ауданының «Қазақстан» ауылындағы ауруханада мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ғимараттың сыртқы жұмыстары аяқталуға жақын, нысан тамыз айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Ал Жетісай ауданындағы «Асықата» ауруханасының «А» және «Г» блоктарында ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның жалпы құны – 1,8 млрд теңге. Нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.
Қазіргі таңда 6 нысанның біреуінде құрылыс толық аяқталып, ел игілігіне берілді. Ол – Қазығұрт аудандық ауруханасына қарасты Қаратас ауылдық емханасы. Қалғандарында жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, қажетті қаржы толық қарастырылған.
Облыс әкімінің орынбасары зерделеу барысында мердігерлерге жұмысты ширату, уақтылы аяқтау, сапалы жүргізу бойынша тапсырмалар жүктеді. Мониторинг аясында кемшіліктер реттеліп жатқанын мәлімдеп, қадағалау жалғасатынын жеткізді.
Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық нысандар қарқынды салынуда.