ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ ТАБИҒИ ПАРКТЕР МЕН ҚОРЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

0
59
Кентау қаласына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі- Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова жұмыс сапарымен келді.
✔️Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевпен бірге қала аумағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ – «Қаратау» қорығына барып, тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Қорық қызметкерлері атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, өңірдің биоалуандылығы мен қорғауға алынған табиғи байлықтары туралы мәліметтер ұсынды.
✔️Қорықта 1221 өсімдіктің түрі өседі, оның 59-ы – Қызыл кітапқа енген. Ал құстардың 127 түрі кездессе, Қызыл кітапқа оның 12-сі енгізілген. Сондай-ақ омыртқасыздардың – 1345 түрі бар, оның 16-сы Қызыл кітапқа енген. Еліміздегі арқардың 5 түрінің бірі – Қаратау арқары дәл осы аймақта мекендейді.
✔️Зүлфия Болатқызы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биоәртүрлілікті сақтау – ұлттық маңызы бар міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар Халықаралық биоәртүрлілікті қорғау қоры құрылып жатқанын жеткізді. Бұл бастама қорықтардың қызметін күшейтуге және экотуризмді дамытуға тың серпін береді.
✔️Қонақтар сондай-ақ қорықтағы тарихи орын – «Хан тағы» бөлігіне барып, қорықта жайғасқан табиғатты тамашалады. Одан бөлек, зертхана жұмысымен танысып, қорық қызметкерлерімен тілдесті. Мұнда сирек кездесетін жәндіктер сақталып, ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
✔️Осы күні Президент кеңесшісі Түркістан қаласындағы «Жастар саябағы» мен «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу