Түркістан облысында құқықтық саясат тиімді жүзеге асуда

Түркістан облысында құқықтық саясатты іске асыру, заң жобаларын сапалы әзірлеу және заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді тиімді қолдану бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстағы барлық мемлекеттік органдар мен мекемелерде ашықтық, заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге басымдық берілуде.
Сонымен қатар, әкімшілік кедергілерді азайту, халықпен кері байланысты күшейту және құқықтық реттеуді жеңілдету мақсатында бірқатар нақты шаралар қабылданды. Қоғамдық тыңдаулар мен онлайн-кеңестер тұрақты өткізіліп, жаңа заңнамалық бастамалар әзірлеу кезінде азаматтардың пікірлері ескерілуде.
Бұл бастамалар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқыққа құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы М. Төлеубаев сөз сөйлеп, «Заң және тәртіп» қағидаттарын және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік саясатын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Басты назар әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерді азайту, шекарадағы транзиттік әлеуетті арттыру және көліктердің, оның ішінде жаңартылған бекеттердегі кептеліс мәселесін шешуге аударылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды шаралардың бірі, жүргізушілерге қажеті болмаса да, барлық бақылау қызметтерінен мөрлерді жинауға міндеттелген «өту талонының» күшін жою, бюрократияны азайту.
Кездесулерде рәсімдерді цифрландыру, кедендік бекеттерді жаңғырту, кедендік бақылауды оңтайландыру және тасымалдаушыларға ыңғайлы болу үшін жаңа қызметтерді енгізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, кеден бекеттерінде «Қазпошта» АҚ кассалары жұмыс істей бастады. Олар арқылы айыппұлдарды ресми түрде төлеуге болады, бұл жаңашылдық делдалдардың қатысуын болдырмауға және қаражатты бейресми жинау тәуекелін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Айта кетсек, кеден саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде, қорытындысымен мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін күшейту бойынша ұсыныстар жіберілетін болады.