Заң мен тәртіп: Полицейлер жол қозғалысы ержесін бұзғандарды ұстады

0
19

Түркістан облысында өтіп жатқан «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыстық және республикалық маңызы бар трассаларда жолаушылар тасымалына қатысты заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар күшейтілген режимде жалғасуда.

Іс-шара барысында полицейлер жолаушылар тасымалдау кезінде рұқсат құжаттарының болуын, техникалық байқау мен сақтандыру полисінің жарамдылығын, көлік құралдарының қайта жабдықталу заңдылығын және қауіпсіздік шараларының сақталуын қатаң тексеруде. Нәтижесінде бір тәулікте Түркістан қаласының аумағында 40-тан астам құқықбұзушылық анықталды.  Атап айтқанда,  жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 4 фактісі, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 3 фактісі және міндетті техникалық байқаудан өтпеудің 4 фактісі, міндетті сақтандыру полюсі жоқ 2 факті және қауіпсіздік белдігін тақпаған 12 жүргізушіні анықтады.

Мәселен полиция қызметкерлері Түркістан қаласы Отырар көшесінің бойында Mercedes Benz автокөлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты жүргізуші күәлігінің санаты сәйкес еместігі анықталып, әкімшілік хаттама түзіліп, автокөлік айыптұраққа қойылды.

Тәртіп сақшылары қазіргі таңда жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жолаушылар тасымалы саласындағы ережелерді сақтау қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Одан бөлек, облысқа қарасыты  Келес ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдауды бақылауды күшейту, сондай-ақ жолаушылар мен жүк тасымалының заңсыз фактілерін анықтау.

Шара  барысында тәртіп сақшылары көлік құралын мас күйде басқару, белгіленген жылдамдықты асыру, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы бағытқа шығу сияқты құқықбұзушылықтарға баса назар аударды. Сонымен қатар, жолаушылар мен жүк тасымалдау қызметін көрсететін жүргізушілер арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Полиция қызметкерлері барлық жол пайдаланушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға және қауіпсіздікке немқұрайлы қарамауға шақырады.

«Заң және тәртіп»  қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында ішкі істер органдары қызметінің басты ұстанымы.

Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаменті басшысы  Мұрат Қабденовтың тапсырмасына сәйкес Төлеби ауданында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасты. Шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушылар мен жүк тасымалына қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ жүргізушілердің заң алдындағы жауапкершілігін арттыру. Іс-шара аясында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Төлеби автобекетінде және қоғамдық көліктер жиі жүретін аймақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жүргізушілерге тасымал саласына қатысты заң талаптары, рұқсат құжаттарының маңызы, міндетті сақтандыру және техникалық байқаудан өту тәртібі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, арнайы үнпарақтар таратылып, заңсыз тасымалдың салдары мен әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

Одан өзге «Тасымалдаушы»  жедел-профилактикалық іс-шарасы Ордабасы ауданында да жалғасын тапты. Үш күнге созылған рейдтік шара барысында полицейлер аудан аумағында 20-дан астам құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдыктаудың 1 фактісі, міндетті техникалық байқаудан өтпеудің 1 фактісі міндетті сақтандыру полюсі жок 3 факті және қауіпсіздік белдігін тақпаған 15 жүргізушіні анықтап, хаттама толтырды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, жол қауіпсіздігі мен заң талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу