Сот: «Білім беру саласындағы әкімшілік даулар бойынша сот тәжірибесін қараудағы кейбір мәселелер» тақырыбында семинар өтті

0
67

Түркістан облыстық сотында әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесін талқылауға арналған кезекті семинар өтті. Іс-шараны облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ұйымдастырды.

«Білім беру саласындағы әкімшілік даулар бойынша сот тәжірибесін қараудағы кейбір мәселелер» тақырыбында өткен семинарға алқа судьялар мен  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, Түркістан облысы прокуратурасының Сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының басшысы, аға әділет кеңесшісі А.Нақыпбеков, Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы м.а. А.Қасымбекова, Білім басқармасының құрылымдық және аумақтық бөлімдерінің басшылары, коллежд және мектеп директорлары қатысты.

Семинар барысында  дауды сотқа дейін жеткізбеуге қатысты және сотта өкілдік ететін мамандардың біліктілігіне мән беру сынды мәселелері қозғалды. Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарына жауап алды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу