ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

0
50
Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
🔰Қазіргі таңда қаладағы Ә.Жангелдин көшесінде ауқымды жол құрылысы жүргізілуде. Теміржол аумағындағы бұрынғы 2 жолақты жолдың орнына заманауи талаптарға сай 4 жолақты автомобиль жолы салынуда. Сонымен қатар, су ағызу науалары орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол мен веложол құрылысы қатар жүргізілуде.
🔰Жаңартылып жатқан жолдың жалпы ұзындығы 600 метрді құрайды. Жоба бойынша құрылыс жұмыстарын сәуір айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу