ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 120-ДАН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

0
61
Ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы Ордабасы ауданында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ауыл инфрақұрылымын жақсартуға елеулі үлес қосты. 2019-2025 жылдар аралығында жалпы 10 млрд 887 млн теңгеге 122 жоба іске асырылды. Нәтижесінде жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар жаңартылып, спорт кешендері салынып, инженерлік инфрақұрылым жүйелері жақсарды.
🔰Жобаның алғашқы кезеңінде, 2019 жылы Темірлан елді мекенінде 384 млн теңгеге 9 жоба жүзеге асырылып, 11 көше немесе 5,8 шақырым жол жөнделді. Сонымен қатар «Аққу» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, аудандық мәдениет үйінің ғимараты абаттандырылды.
🔰2020 жылы Бадам, Төрткүл және Темірлан ауылдарында 1 млрд 231 млн теңгеге 31 жоба іске асырылды. 29 көше, 13,8 шақырым жол жаңартылып, әлеуметтік нысандар жөндеуден өтті.
🔰2021 жылы 8 елді мекенде 1 млрд 761 млн теңгеге 37 жоба орындалып, 36 көше немесе 21,6 шақырым жол жөнделді. Төрткүл ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
🔰2022 жылы 7 елді мекенде 719 млн теңгеге 8 жоба жүзеге асып, 6 көше, 4,2 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Қызылжар ауылында газ жүйесінің құрылысы жүргізілді.
🔰2023 жылы 11 елді мекенде 2 млрд 256 млн теңгеге 19 жоба қолға алынып, 25 көше немесе 28,5 шақырым жол жөнделді. Сонымен бірге Темірлан, Бадам және Қажымұқан ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы басталды.
🔰2024 жылы 8 елді мекенде 2 млрд 895 млн теңгеге 11 жоба іске асырылып, 45 көше немесе 12,3 шақырым жол жаңартылды. Бірқатар ауылдарда электр желілері аяқталып, жаңа спорт кешендері ел игілігіне берілді.
🔰2025 жылы 7 елді мекенде 1 млрд 641 млн теңгеге 7 жоба жүзеге асырылып, 27 көше немесе 27,1 шақырым жол жөнделді. Қажымұқан ауылында мәдени спорт кешені ашылып, Шұбар мен Темірланда жаңа спорт нысандарының құрылысы жалғасуда.
🔰Жалпы алғанда, жоба аясында 179 көше, 113,3 шақырым жол жөнделіп, ондаған әлеуметтік және спорт нысандары жаңғыртылды.
🔰Аталған жұмыстар Ордабасы ауданындағы ауылдардың инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға нақты мүмкіндік берді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауылды дамытудағы тиімді бастама екенін іс жүзінде дәлелдеп келеді.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу