ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА АТШАБАРДА КӨКПАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы заманауи көпфункциялы атшабарда 2009-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында көкпардан Түркістан облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Ұлттық спортты дәріптеуді мақсат еткен бәсекеге өңірдің 7 ауданынан келген командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Атап айтқанда, Сайрам, Жетісай, Ордабасы, Келес, Қазығұрт, Түлкібас және Сарыағаш аудандарының жас шабандоздары тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс барысында қатысушылардың шеберлігі, ептілігі мен командалық үйлесімі жоғары деңгейде көрініс тауып, әр кездесу жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.






