ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Байхрейннің Манама қаласында үшінші жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өткен болатын. Дүбірлі додада Қазақстанның сапында өнер көрсеткен түркістандық жас балуандар мен боксшылар тамаша нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, еркін күрестен Қазақстан құрамасы сапында 71 келі салмақта Нұртай Наров пен 45 келі салмақ дәрежесінде Ағабек Бақдаулет қола жүлде жеңіп алса, 60 келі салмақта Бегасыл Асанбек алтын медальға ие болды. Бокс бойынша 50 келі салмақта ел намысын қорғаған Нұрмахан Жұмағали барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанса, ал 46 келі салмақта бақ сынаған Арман Мырсабит күміс жүлдеге қол жеткізді.






