«Заң мен тәртіп»: Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес жұмыстары жанданды

0
105

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес күшейтілуде. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 26 қыркүйекте облыс әкімдігі, Полиция департаменті және өзге де жауапты мекемелерден құралған арнайы жұмысшы топ Қазығұрт ауданында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Рейд нәтижесінде заңсыз қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан 3 азамат ұсталып, пайдаланған 2 ауыр жүк көлігі мен 1 жүк тиегіш техника Қазығұрт ауданының айыптұрағына қойылды.

Аталған заңбұзушылық бойынша тиісті процестік шешім қабылданып, іс құжаттары облыстық Экология департаментіне жолданды.

Жер қойнауын заңсыз игерудің табиғатқа және экономикалық қауіпсіздікке тигізер зияны зор. Сондықтан бұл бағыттағы бақылау мен рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады. Облыс әкімдігі заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және заңсыз өндіріске жол бермеуге шақырады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу