ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ АЛДЫНДА 100 ЖЕТІГЕНШІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

0
55
Бүгін халықаралық туризм күні! Мереке қарсаңында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында 100 жетігенші өнерін көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Олар келуші қонақтар мен зиярат етуші алаңда жетігеннің үнін көпшілікке тыңдатты.
Айта кетейік, Түркістан облысының туризм басқармасының ұйымдастыруымен, туризм күніне орай Түркістан қаласында «TURKISTAN WORLD CRAFT FEST-2025» халықаралық қолөнершілер көрмесінің салтанатты ашылуы өткен болатын.
Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның, ЮНВТО-ның Бас Ассамблеясымен бекітілді және жыл сайын 27 қыркүйекте атап өтіледі.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу