ТӨЛЕБИДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

0
52

Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы орталық алаңда Ұлыстың Ұлы күніне арналған  «Қош келдің, әз-Наурыз» атты  мерекелік іс-шара өтті.

✔️Іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі – Наурызбен жиналғандарды аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ауданда Наурызнама онкүндігіне сай, әр күннің маңыздылығына орай, тазарту жұмысынан бастап, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуге арналған көптеген шаралар ұйымдастырылды.

✔️Мерекелік жиын «Қош келдің, әз-Наурыз» атты композициялық қойылымымен басталып, «Наурыз – думан» әнімен жалғасын тапты. Қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт дәстүрді дәріптейтін тұсаукесер, киіз басу секілді аналардың қатысуымен арнайы қойылым көрсетілді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы бүлдіршіндердің тұсауын кесті. Сондай-ақ спорт сайысының жеңімпаздарын марапаттады.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу