ТҮРКІСТАНДАҒЫ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНҒАН БІЛІМ ҰЯСЫНА АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

0
38
Түркістан қаласындағы №32 жалпы орта мектебінде мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Бір тал – бір өмір» атты экологиялық акциясы өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
🔰Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту және өскелең ұрпаққа табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру. Шараға ата-аналар белсенді қатысып, өздері әкелген ағаш көшеттерін балаларының қолымен отырғызды. Бұл игі іс отбасы құндылықтарын нығайтып қана қоймай, балаларға экологиялық тәрбие берудің жарқын үлгісіне айналды. Мектеп мұғалімдері де бастаманы қолдап, көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты.
🔰Іс-шара барысында оқушылар арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, ән айтып, би биледі.
🔰Ауқымды шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, акцияның маңыздылығына тоқталды. Олар өз сөздерінде қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, мұндай игі бастамалардың қоғам үшін үлкен мәнге ие екенін жеткізді.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу