Түркістан облысында жолаушылар құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында шаралар өткізіліп жатыр

0
84

Түркістан облысында Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуде. Аталған шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесу және анықтау, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көлік тәртібін арттыру. Сауран ауданында өткен шара барысында жол бойына арнайы ескерту билбордтар орнатылып, жүргізушілерге арнайы жол ережелерін сақтау, интернет алаяқтық бойынша ескерту жаднамалары таратылды.

Жалпы республика көлемінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы Түлкібас ауданында  жалғасты.

Мұнда аумақтық полиция инспекторлары халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғын үй секторын тексеріп, құқық бұзушылықтарды анықтап және оның алдын алу, пробация есебінде тұрған тұлғаларға бақылау жүргізіп, сондай-ақ қару иелерін және қолданыстағы рұқсат құжаттарын тексерді.

Сонымен қатар, полиция инспекторлары халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғындармен профилактикалық әңгімелер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Айта кетсек, полиция шараның 10 күн ішінде 486 құқықбұзушылықты анықтап, әкімшілік хаттама толтырды.

Түркістан облысында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы Төлеби ауданында да жалғасын табуда. Іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары аудан тұрғындарымен жан-жақты профилактикалық жұмыстар жүргізіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға күш салуда.

Полицейлер қару иелерінің қаруды сақтау және қолдану тәртібін тексеріп, заң талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтармен профилактикалық сұхбаттар өткізіліп, олардың қайта қылмысқа бармауына бағытталған кеңестер берілді. Аудан аумағында еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтарға да құқықтық ақпарат ұсынылды.

Тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында арнайы кеңестер өткізіліп, киберқауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.

Бұдан бөлек, «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарға нашақорлықтың зияны мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

«Учаске» іс-шарасы – қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан облысы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара аясында Төлеби аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде, мектептер мен оқу орындарының маңында және халық көп жиналатын жерлерде құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен кездесіп, профилактикалық әңгімелер жүргізуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруін болдырмау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне баса назар аударуда.

Полиция қызметкерлері қару иелерін тексеріп, пробация есебінде тұрған азаматтармен, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдармен жеке кездесулер ұйымдастыруда.

Аудандық полиция бөлімі тұрғындарды құқықтық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын орындауға және тәртіп сақшыларына қолдау көрсетуге шақырады.

Түркістан облысында ішкі істер органдарының қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қылмыстың алдын алуға бағытталған.

Атқарылып жатқан кешенді жұмыстар аясында тәртіп сақшылары іздеуде жүрген тұлғаларды анықтау, заңсыз сақталған қару-жарақ пен есірткі құралдарын тәркілеу, пробация есебінде тұрған азаматтарды тексеру және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау бойынша шаралар қабылдауда.

Сонымен қатар, қоғамдық орындар мен көпшілік жиналатын жерлерде патрульдік қызмет күшейтіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесуге басымдық берілуде.

Бұл жұмыстар “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыруға негізделіп, полиция мен халық арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етуде.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу