Түркістан: Отбасылық құндылықтарды нығайту мен құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында шаралар өтті

0
80

Түркістан қаласында отбасылық институтты нығайту, демографиялық саясатты қолдау және жастар тәрбиесі тақырыптарына арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара аясында кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері де қаралды. Одан бөлек құқықтық сауаттылықты арттыру мәселесі сөз болды.

Жиын барысында Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Жәмила Нұржігітова «Бақытты ел – бақытты отбасы» акциясы аясында отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен қоғамдағы қауіпсіз ортаны қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары жастар арасында есірткінің зияны мен құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Қатысушылар ашық диалог форматында аналардың қоғамдағы рөлі, ата-аналық жауапкершілік және ұрпақ тәрбиесі жайлы ой бөлісті. Игі бастама қоғамдағы маңызды мәселелерді бірлесе шешуге бағытталған.

Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балаларға сөмкелер мен оқу құралдары үлестірілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  мұндай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтуға және өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Шара аясында Шардара қаласының халық көп шоғырланған орындарында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 150-ге жуық азамат қамтылды. Қатысушыларға зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда қандай әрекет ету керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар арнайы сауалнама арқылы тұрғындардың пікірлері жинақталып, алдағы іс-қимылдар талқыланды.

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу