Түркістан – Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып жатқан өңірлердің бірі

0
119

Тарихи-мәдени мұрасы бай, инфрақұрылымы дамып жатқан, инвестициялық ахуалы тұрақты бұл өңір бүгінде жаңа экономикалық серпінге ие. Туризм, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларында ірі жобалар жүзеге асырылып, халықаралық деңгейде серіктестік кеңеюде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, инвестициялық тартымдылығы артып келеді. Сол себепті  өңірде жаңа өндіріс орындары ашылуда. Осы бағытта  Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірге инвестиция тарту мақсатында Қытай Халық Республикасынан келген ірі өнеркәсіптік компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Қос тарап кездесуде  лифт және эскалаторлар шығаратын жаңа өндіріс орнын Түркістан облысында іске қосу мәселесін талқылады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзінде: – Лифт және эскалаторлар өндірісі – бұл импортқа тәуелді салалардың бірі екенін атап өтіп, облыс аумағында жыл сайын 1 миллион шаршы метр көлемінде тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп жатқанына тоқталды. Сондықтан инвесторларға бастамаларыңыз өзекті екенін айтып, оны әкімдік тарапынан толық қолдауға дайын екендігін айтты.

Шетел инвесторлары атынан келген делегация заманауи жолаушы және жүк жетелсатылары, эскалаторлар мен траволаторлар өндірісімен айналысатын компанияның өңірдегі өндірісті іске қосуға ниетті екенін жеткізді. Жоба аясында индустриялық аймақ аумағында зауыт салу, қазақстандық мамандарды оқыту, сондай-ақ жергілікті қамтуды кеңейту көзделіп отыр.

Кездесуде облыс әкімі инвесторларға өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен инфрақұрылымдық артықшылықтары туралы кеңінен таныстырып өтті.

Әкім инвесторларға «TURAN» арнайы экономикалық аймағы, 20-дан астам индустриялық аймақ пен білікті жұмыс күші  көлік-логистикалық инфрақұрылым жайлы толық ақпарат берді. Инфрақұрылымның қолжетімділігі шетелдік кәсіпкерлерге зор мүмкіндік береді.

Қытайлық тарап   жобаны жақын арада іске қосуға ниетті екендерін айтып, құрылыс жұмыстары мен жабдықтарды жеткізу бойынша нақты жоспарларымен бөлісті. Нәтижесінде жүздеген жаңа жұмыс орны ашылып, өңірдің индустриялық әлеуеті артады. Сонымен қоса өндірілген өнімдер Қазақстан нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне экспортталуы көзделіп отыр.

Кездесу нәтижесінде  қос тарап   өзара түсіністікке қол жеткізіп, ынтымақтастықты нақты істермен жалғастыруға уағдаласты.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу